Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Котто-Гил жекпе-жегінің жеңімпазына WBC-дің нағыз чемпионы кім екенін танытқым келеді — Головкин

WBA (Super), IBO және WBС (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 33 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин пуэрторикандық Мигель Котто мен Австралия спортшысы Дэниэл Гилдің арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасу өзі үшін өте маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Аllboxing.ru.

«Котто-Гил жекпе-жегін көргім келеді. Бұл айқастың жеңімпазымен шаршы алаңда кездесу мүмкіндігін күтемін, оған WBC-дің орта салмақтағы нағыз чемпионы кім екенін танытқым келеді. Бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды», — деген Головкиннің сөздерін келтіреді Fighthype.

Естеріңізге сала кетейік, 6 маусым күні Нью-Йорк қаласында WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 34 жастағы Котто өз атағын қорғау мақсатында әлемнің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, 34 жастағы Гилмен рингте кездеседі.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
203

Осы тақырып бойынша

Котто-Гил жекпе-жегінің жеңімпазына WBC-дің нағыз чемпионы кім екенін танытқым келеді — Головкин - Yvision.kz