Біржан Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 394 қаулысымен Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №22-ЖК бұйрығына сәйкес бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі қызметін атқарған Арғындықов Дәулет Рашидұлы «Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Президенті болып тағайындалды.
