Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мейірімді жүрекпен» әрбір балаға...

Маусымның 1 жұлдызында Балаларды қорғау күнінің барысында Петропавл қаласының "Жас Отан" жастар қанатының белсенді мүшелері "Мейірімді жүрекпен" акциясын өткізіп, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатына барып қайтты. Бұл іс-шараның мақсаты - балаларды олардың мерекесімен құттықтап, оларға ізгілікті көмек көрсету болған болатын. Айтылған мақсатқа жету үшін жыл бойы "Кеңес Орталығында" тұрмысы төмен отбасылар мен балалар үшін киім-кешектер мен ойыншықтар қабылдау жүргізілді. Нәтижесінде іс-шараға қатысушылар заттарды жинап, оларды мектеп-интернатының оқушыларына табыс етті. Біз балаларды олардың ең басты мерекесімен құттықтап, шын жүректен өзіміздің ізгі ниеттерімізді білдірдік. Балалардың жүзіндегі күлкі олардың шаттығы мен қуанышының басты белгісі болды. Олардың көтеріңкі көңіл-күйі сезіліп, бізге де берілген болатын. Балалар - буыны қатпаған бұтақ тәрізді, сондықтан да оларды қорғап, буындарының қатып, қанаттарының қатаюына барынша жағдай жасау - біздің міндетіміз.

0
0
710

Осы тақырып бойынша

«Мейірімді жүрекпен» әрбір балаға... - Yvision.kz