Мазмұнға өту

Жаңа

Ақмол аулында Ақмола облысының алты ауданы активтерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет өткеру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша шығыс аумақтық семинар-кеңес өткізілді

А.ж. 20 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің (әрі қарай – Департамент) 2015 жылдың төрт айлық қызмет қорытындысы бойынша Целиноград аудандық мәдениет үйінде Ақкөл, Аршалы, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды, Целиноград аудандары активтерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет өткеру сұрақтары, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі мәселелер қарастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы саясаттың нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдістер жайлы тақырптар ерекше назарға алынды. Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіруге бағытталған және облыстың аумақтарында тұрғ…

1
0
249

«Жемқорлыққа қарсы тәрбиенің маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Тараз қаласында орналасқан ер балаларға арналған Қазақ - түрік лицейінің 10 сынып оқушыларының арасында «Жемқорлыққа қарсы тәрбиенің маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Оқушылар жемқорлықтың түсінігі, түрлері, жауапкершілік туралы өз түсініктерін баяндап, шет елдердегі тәжірибелер туралы кеңінен талқылады.
Сонымен қатар, аталған шараға қатысқан Департамент қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларға тап болған кезде әрекет ету тәртібі және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірді.
Жастар қызықты сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

0
0
1103

«Қазіргі діни ахуал жағдайындағы дәстүрлі рухани құндылықтар және ішкі тұрақтылық мәселелері» тақырыбында семинар өтті

2015 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты С.Әлібеков Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Қазіргі діни ахуал жағдайындағы дәстүрлі рухани құндылықтар және ішкі тұрақтылық мәселелері» тақырыбында өткен семинарға қатысып, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» басым бағыттары тақырыбында лекция оқыды.
Семинарға діни бірлестіктердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

0
0
399

Әскери қызметкерлер жемқорлыққа қарсы

2015 ж. 20 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және қоғаммен өзара әрекеттесу бөлімінің консультанты М. Ахметқалиев профилактикалық рейд аясында Ақмола облысының қорғаныс жөніндегі Департаменті (әрі қарай - Департамент) ұжымымен түсіндіру жұмысын жүргізді. Іс-шараға 53 адам қатысты. Кездесу барысында сөз сөйлеушімен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтары, қоғамдық бақылау институтын енгізу, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру жолдары туралы мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, спикер жаңадан құрылған Агенттіктің және оның аумақтық…

1
0
399

Ақ отауға жалғасқан алғашқы махаббат

Бала кезгі алғашқы жақсы көру, ұнату сезімдері бойжеткен мен бозбала арасындағы махаббатқа ұласып, бір-біріне ғашық екі жас отбасын құрып жатса, ондай таңдауға ата-ана да риза. Өйткені, әдетте ондай шаңырақтар анау-мынау соққыларға бой алдырмайтын қамалдай берік келеді. Сондай сирек отбасылардың бірі Арман мен Аяулым Нугербековтер шаңырағы. Олар ерлі-зайыптылар ғана емес, олар он үш жыл таныс ескі достар. Мектептен кейінгі өмір толқынына бірге аттанып, бірге есейген, алғашқы жетістігі мен алғашқы жеңілісін бірге өткерген жаны жақын жандар. Танысу Арман Нугербеков: 1997 жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға ауысқан жылы әкеміз қалаға көшетінімізді айтты. Ол кезде біз Ақмола облысы Қорғалжын ауданының ар жағындағы ауылда тұрып жатқанбыз. Астананың қала ретінде қалыптасуы менің көз алдымнан өт…

0
0
2243

Ғалымдар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай екі бірдей тың жаңалық әзірлеп отыр

Ғалымдар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай екі бірдей тың жаңалық әзірлеп отыр. Оның бірі – Қазақ хандығының негізін қалған Керей ханмен байланысты. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданынан Керей ханның қыстауы болған жер табылды. Бұл жаңалықты ғалымдар тарихи-археологиялық экспедиция жұмысы кезінде ашты. Қазір олар толыққанды ақпар жинау үшін сол жерді зерттеуге кірісті. Археологтар тұңғыш рет «Ұлы көштің жолы» атты жаңа карта жасап шығарды. Ғалымдар уақыттың тығыз болуына байланысты зерттеу жұмыстарын Жамбыл жерінен бастады. Олар Ұлы көштің Әулиеата өңірі арқылы жүріп өткен жолының картасын жасап шықты. Онда көштің бағыты, Қазақ хандығына қатысты жер-су атаулары, тарихи орындар мен археологиялық ескерткіштер түсірілген. «Бұл ғылыми тұрғыдан қарағанда тарихи жаңалық деп айтуға болады. Осы у…

0
0
586

БҚО Қазынашылық департаменті ұжымымен кездесу

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Батыс Қазақстан облысының Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар кеңес өтті.

Семинар кеңесте Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы мемлекеттік стратегиясының жүзеге асырылуы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті.

Сонымен бірге, қатысушыларға жемқорлық профилактикасы бағытында және call-center 1494 жұмысы туралы видеороликтер көрсетілді.

0
0
679

Әлемдік заң үстемдігі рейтингісіндегі Қазақстанның позициясы жақсара түсті

2015 жылғы әлемдік заң үстемдігі рейтингісінде (The Rule of Law Index 2015) Қазақстан Республикасы 65 орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда алты орынға көтерілді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/lemdik-zan-ustemdigi-reytingisindegi-kazakstannyn-poziciyasy-zhaksara-tusti

0
0
410

Әуезді Әнші құм!!!

Қазақстанның кең байтақ жері әлі күнге дейін сыры ашылмаған, талай құпияларды бойына сақтап келе жатқан ерекше табиғатымен танымал. Тауды да, тасты да, шөлді де, көлді де бір арнаға сыйғыза алған табиғаттың құдіреттілігі мен қасиетін еріксіз мойындамасқа амал жоқ!!! Табиғат кешенін, археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштерді, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау мақсатында ұлттық табиғи парктер жұмыс істейді. Соның бірі, 1996 жылы құрылған «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғайқұм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Алтынемел ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі. Әнші құм, Айғай құм - Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналас…

0
0
4200

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының кездесуі туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Астрид Турс ханыммен кездесті.

Бас Прокурор Жоғарғы комиссарды ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және аз ұлттардың құқықтарын бұзуға жол бермеу шаралары жөнінде хабардар етті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasy-bas-prokurory-men-ekyu-nyn-az-ulttar-isteri-zhonindegi

0
0
244