«Жемқорлыққа қарсы тәрбиенің маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Тараз қаласында орналасқан ер балаларға арналған Қазақ - түрік лицейінің 10 сынып оқушыларының арасында «Жемқорлыққа қарсы тәрбиенің маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Оқушылар жемқорлықтың түсінігі, түрлері, жауапкершілік туралы өз түсініктерін баяндап, шет елдердегі тәжірибелер туралы кеңінен талқылады.
Сонымен қатар, аталған шараға қатысқан Департамент қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларға тап болған кезде әрекет ету тәртібі және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірді.
Жастар қызықты сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
