Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО Қазынашылық департаменті ұжымымен кездесу

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Батыс Қазақстан облысының Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар кеңес өтті.

Семинар кеңесте Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы мемлекеттік стратегиясының жүзеге асырылуы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті.

Сонымен бірге, қатысушыларға жемқорлық профилактикасы бағытында және call-center 1494 жұмысы туралы видеороликтер көрсетілді.

     
0
0
672

Осы тақырып бойынша

БҚО Қазынашылық департаменті ұжымымен кездесу - Yvision.kz