Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді
2015 жылдың 29 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Аталған шараның маңыздылығы мен мақсаты Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру үшін заңнамаларды жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылау болып табылады. Бұл конференцияға облыстық мемлекеттік мекемелерінің, құқық қорғау органдарының, облыстық және аудандық маслихаттардың және «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық институттардың және жаст…