Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында, сонымен қатар 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруда «Мұнайшы» де не-шыны кешенінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті мен Спорт және туризм басқармасының бастамасымен мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың тоғыз түрінен спартакиада өткізілді.
Аталған шараны өткізудің басты мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау болып табылады.
Жарысқа 650-ден аса Атырау облысының барлық аудандарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Спартакиадаға Атырау облыстық әкімдігі, соның ішінде Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Жылыой, Мақат, Махамбет, Индер аудандарының құрама  командары ұсынылды.
Жарыстың бағдарламасында баскетбол, волейбол, жүзу, шағын футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және шахмат секілді жеке және топтық сайыстар қамтылған.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық біріншілікте Құрманғазы ауданы І-ші орынды иеленсе, ІІ-ші орын Махамбет ауданына бұйырды, ал ІІІ-ші орынды облыстық әкімдік жеңіп алды.
Барлық жеңіске жеткен командалар кубоктармен және дипломдармен марапатталып, ерекше көзге түскен ойыншылар естелік сувенирлер алды.

 
0
0
475

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада. - Yvision.kz