Халыққа қызмет көрсету органдарында сауалнама жүргізу
Ағымдағы жылдың 26 мамырында облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында сауаттылығын және олардың көзқарасын анықтау мақсатында қала тұрғындарына сауалнама жүргізді.
Осы шараға «Атамекен» қоғамдық бірлестігінің «Жасыл ел» жастар жасағы ат салысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларға жастардың белсене қатысатынын көрсетті.
Халықтың жемқорлыққа байланысты жеке пікірің білу біз үшін өте маңызды. Бұл қоғамның пікірін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың жұмысын арттыруға көмегін тигізеді. Бұл жерде мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету қызметіне ерекше көңіл бөледі. Себебі, халықтың сапалы мемлекеттік қызмет алуы мемлекеттік қызмет жұмысы тиімділігінің бір көрсеткіші болып табылады.
Бұл шара, халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, халықтың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметіне деген сенімнің арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
