Журналистер туралы қандай үздік фильм білесіз?
Маусым айының соңғы жексенбісінде қазақстандық журналистер төл мерекесін атап өтеді. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында журналистер туралы әлемнің ең үздік фильмдерін топтап, тізбектеуге тырыстық. Талай кинокартиналарға арқау болған әріптестеріміз туралы бірқатар туындылар бар екен. Жанрлары сан алуан. Саяси триллерден бастап жеңіл комедия да бар арасында. «День сурка» (Groundhog Day) – фильм экранға 1993 жылы шыққан. Басты рөлдерді Билл Мэрри мен Энди Мак сомдайды. Телеарнада қарапайым ауа райын жүргізуші маманның өміріне қандай өзгеріс керек еді? Кейіпкер өмірден өзін іздейді. Бақыт – өмірге деген сүйіспеншілік екенін жеткізген туынды. «Римские каникулы» (Roman Holiday) – кинокартина 1953 жылы шыққан. Грегори Пек есімді америкалық журналист Италия астанасында сүйіктісін…
