Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билетер және әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер алу мүмкіндігі

Аталмыш қызмет Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №219 қаулысымен бекітілген. Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер және әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер беру Халыққа қызмет көрсету орталықтары және жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылады, баламалы түрде.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын толық тапсырған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде әскери билет дайын болып қолына беріледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Әскерге шақыру кейінге қалдырылғанына байланысты әскери қызмет өткермеген 27 жасқа толғандарға қажетті құжаттардың тізілімі:
- өтініш;
-жеке куәлікті жеке басын сәйкестендіру үшін алып келесіз. Құжаттарды қабылданғаннан кейін қайтарылып беріледі.
-әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы қорытындысы бар медициналық анықтама;
-білімі туралы құжаттың көшірмесі;
-білімі туралы құжаттың түпнұсқасы салыстыру үшін үшін алып келесіз. Құжаттарды қабылданғаннан кейін қайтарылып беріледі;
-3х4 екі фото.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға:
- өтініш;
-жеке куәлікті жеке басын сәйкестендіру үшін алып келесіз (Құжаттарды қабылданғаннан кейін қайтарылып беріледі).
-түзеу мекемелерінде жазасын өтегені туралы анықтама;
-білімі туралы құжаттың көшірмесі;
-білімі туралы құжаттың түпнұсқасы салыстыру үшін үшін алып келесіз (Құжаттарды қабылданғаннан кейін қайтарылып беріледі).
-3х4 екі фото;
Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.
С.Берікқожа
«ХҚКО»  Жамбыл облысы бойынша филиалының
баспасөз хатшысы
0
0
558

Осы тақырып бойынша

Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билетер және әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер алу мүмкіндігі - Yvision.kz