Мазмұнға өту

Жаңа

Диястың жеңісті жолын Ю.Путинцева жалғады

Лондонда кеше басталған Уимблдон турнирінде қазақстандық, әлемнің 95-інші ракеткасы, 20 жасар Юлия Путинцева өзінен жеті жас үлкен жаңазеландиялық, дүниежүзілік рейтингте 86-ыншы орында тұрған Марина Эраковичпен күш сынасты. Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, тартысты өткен бірінші партияда тай-брейкте Ю.Путинцева 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Екінші партия 7:5 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші айналымда Юлия атақты американдық, Серенаның апасы, осы турнирдің 16-ыншы ракеткасы Винус Уильямспен шеберлік байқасады. Ол тағы бір американдық Мэдисон Бренглді бет қаратпай, 6:0, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Айта кетейік, Уимблдон турнирін жеңіспен бастаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс екінші айналымда белоруссиялық Александра Сасновичпе…

0
0
348

Биыл кім «Қазақстан Барысы» атанады?

АСТАНА. ҚазАқпарат — Осымен бесінші мәрте жалауы желбірейтін биылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу сындары еліміздің барлық аймағында мәресіне жетіп, жүзден жүйрік атанған ең мықты 33 балуан шілденің 4-і күні Астанада өзара белдеседі. Астана күніне орай ұйымдастырылғалы отырған додаға еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан топ жарған 32 балуан мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» атанған Мұхит Тұрсынов 4 шілдеде елорда төріндегі «Сарыарқа» республикалық велотрегінде күш сынасады. Сонымен, «Қазақстан Барысының» финалына жолдама алған балуандар тізімі төмендегідей: Ақмола облысы 1. Нұрлан Жамалов Бүркеншік аты: Ақмола арланы Туған жылы: 20 маусым 1986 ж. Бойы: 188 см. Салмағы: 96 келі Спорттағы жетістіктері: Қазақ күресінен спорт шебері. Қазақ күресінен ҚР Халық ойындары…

0
0
557

Қызылордалық гандболшылар Қазақстан спартакиадасының 3 дүркін чемпионы атанды

Қызылорда қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының 4-ші жазғы спартакиадасы аясында гандболдан әйелдер арасында республикалық жарыс аяқталды. Аталмыш спорт сайысына Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 117 спортшы қатысты. Бір аптаға созылған жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының «Сейхұн-КАМ-ҚМУ» командасы қатарынан үш мәрте ел спартакиадасының чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын байрақты додада Сыр спортшылары 2007 және 2011 жылдары 2 мәрте Қазақстан Спартакиадасының чемпионы атағына қол жеткізген болатын. Финалда қызылордалык қыздар Алматы облысының командасымен к…

0
0
298

Астанада отбасылық спорттық фестиваль өтеді

Астана күні аясында «Арай» саябағында бүкіл отбасыға арналған «Әке, ана, мен — спорттық отбасы!» спорттық шарасы ұйымдастырылады, astana.gov.kz. Отбасылық фестиваль 4, 5 және 6 шілде күндері өтеді, оған қазақстандық спорт жұлдыздары, балалар спорт мектептерінің оқушылары, сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары өз отбасыларымен қатысады. Фестиваль футбол мен спорттық викториналармен басталады. Шара аясында «Әке, ана, мен — спорттық отбасы!» жарысы өткізіліп, ата-аналар мен балалар өзара бәсекеге түседі. Фестиваль кезінде спорттық клубтар мен футбол мектебінің таныстырылымы және шеберлік сағаттары, балаларға арналған өнер сайыстары, викториналар, балалар шығармашылығы сайыстары ұйымдастырылады. Мереке күндері саябақ бірнеше аумаққа бөлінеді: биден шеберлік сағаттары өткізілетін аумақ;…

0
0
418

Жыл басынан бері 38 мың қазақстандық «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы болды

2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 38 мың қазақстандық «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысты. Ол азаматтардың негізгі бөлігін, яғни 24 мыңға жуығын жұмыссыздар құрады, олардың 44% - ауыл тұрғындары. Жалпы жыл басынан бері «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік келісім-шарт жасасқан және өткен жылы оқыған немесе қайта даярлықтан өткен азаматтарды есептегенде 45 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты. Солардың 77% тұрақты жұмыспен қамтылды. Ең жоғары көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркеліп, сәйкесінше шамамен 9 мың және 6 мың адамды құрады. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамт…

0
0
234

«Apta.kz» студиясында қонақта – Ерлан Қарин

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры, қоғам қайраткері, танымал ғалым, саясаттанушы Ерлан Қарин «Apta.kz»-ке сұхбат берді. Сұхбатта әлемдік лаңкестік мәселелері, Орта Азия проблемалары, Ислам мемлекеті, ақпараттық қауіпсіздікке қатысты сұрақтар көтерілді. Сондай-ақ, геосаясат пен әлемдік картадағы Астананың алар орны да сөз болды. Өзекті тақырыптарды тілге тиек еткен әңгімені назардарыңызға ұсынамыз. -Ерлан мырза, сіз халықаралық терроризмді арнайы зерттеп жүрген санаулы азаматтардың бірісіз. Мына қорғанысы да, экономикасы да оңалмай қойған Тәжік мемлекеті жақында Орталық Азия мемлекеттеріне қауіп төнетінін айтты. Қауіп кімнен? Қаншалықты? -Егер де, сол Ауғанстаннан Таяу Шығыс бағытынан қандай да бір қауіп-қатер төнсе, ең алдымен бірінші соққ…

0
0
434

Дүниежүзілік сауда ұйымының пайдасы қандай?

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы келіссөздерді аяқтады. Яғни, әлемдік сауда элитасының қатарына кірді. Ал одан бізге қандай пайда бар? Мемлекеттік бюджеттен бастап қарапайым азаматқа дейін оның келіп-кетері не? «Apta.kz» бағдарламасы осы сауалдарға жауап іздеді. 1990 жылы аталған ұйымның тек 77 мүшесі болған екен. Біздің ел биыл 162-ші болып тіркелді. «Елдегі шағын және орта бизнестің нарықтық аясы кеңейе ме, Еуропаға, Шығыс Азияға тауарды еркін өткізіп, оны сатуға мүмкіндік ашыла ма?» дегендей күмәнді сауалдарға Президенттің жауабын естідіңіздер. Қазақстандық кәсіп иелері дамыған, жетілген, құрылымы сауатты түзілген сауда нарығына кіреді. Ұйымға мүше мемлекеттер біздің тауарларға бірдей мүмкіндіктер беруге кепілдік етеді. Расында, жаһанның 160-тан астам мемлекетін бірікті…

0
1
1025

Әйел «билеген» көлік

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұсынатын «Әйел бақыты» бағдарламасының бүгін санында көлік тізгіндеген нәзік жандылар төңірегінде әңгіме өрбіді. Бүгінгі күні автокөлік рөліне отырған әйелдер қатары көбейді. Темір тұлпардың асқан байлық, шырқау жетістік емес, жүріп-тұру құралы, қажетті механизмге айналғаны түрлі бағада және деңгейде ұсынылатыны осы бір тенденцияға жол ашып отырған секілді. Қазіргі таңда көлік тізгіндеген әйелдердің қатары көбейген. Қыз-келіншектердің көшеде емес, көлікте кетіп бара жатқаны қызығарлықтай. Себебі, заманауи болу – бүгінгінің басты талабы. Бірақ, әйелдер мінген көліктер апатқа жиі ұшырап жатады. Қазақстанда көлік мінген келіншектер бір айда 14 баланы қағып, үшеуін мерт еткен. Суық статистика. Оның себебі неде? Мамандар әйелдердің жол ережесіне бағынбай, қалаған…

0
0
398

«Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді

4 шілдеде Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық белдесулері өтеді. Жарыс нәтижесінде қазақ турнирдің 2015 жылғы жеңімпазы анықталады. Дүбірлі доданы «KAZsport» телеарнасы 4 шілде күні 12:50-ден бастап барлық белдесулерді тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жарыстың финалдық кездесулері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 17:45-те тікелей эфирде көрсетіледі. Финалда іріктеуден өткен 32 спортшы мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» бақ сынайды. Жарыстың жеңімпазы 150 мың АҚШ долларын, автокөлік, чемпиондық белбеу мен алтын «Тайтұяқ» иеленеді. «Қазақстан Барысы-2015» турниріне қатысатын палуандар тізімі: Ақмола облысы: Нұрлан Жамалов, Әсет Жүнісов Ақтөбе облсы…

0
0
508

«Шебердің қолы ортақ»

Қазақтың кілем тоқу өнерін қайта жаңғыртып жүрген жандар бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасынан жүретін «Айтуға оңай» бағдарламасында қонақта болды. Заман жаңарған сайын өткен күндердің еншісінде қалып жатқан дәстүр мен ұлттық өнеріміз аз емес. Соның бірі – кілем тоқу, киіз басу. Кілем тоқу – қай халықта да ерекше орын алған кәсіп. Қазақ тұрмысында өрмек тоқумен айналысатын қыз-келіншектер, әйелдер арасынан кілем тоқуды кәсіп еткен шеберлер шыққан. Кілем тоқуда қойдың, түйенің жүндері, ешкінің қылы, өріс және арқау үшін мақта жіпті пайдаланады. Кілем қазақ халқы тұрмысында айрықша маңызға ие. Дәстүр бойынша өз алдына отау тіккен жас отбасыларға да ең бірінші киіз басып, текемет тоқып берілуі тегін емес. Алайда, осы күнгі қала тұрмақ, ауыл баласының өзіне бұл өнер өте таңсық. Бастарына күндік…

0
0
1832