Жаңа кейіптегі Жаңақорған
Әлемдегі озық отыз елдің қатарына ену үшін расында, осы ұстаным елдің әр азаматының қаперінде жүріп, құзырлы орын басшылары бұл жұмыстарды құмбыл жүргізуі тиіс екендігі белгілі. Осы аталмыш талаптардың орындалу барысы Жаңақорған ауданының орталығына бара қалған кісінің көзін еріксіз арбайды десек, артық айтқандық емес. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсібі үздіксіз өсе бастаған оңтүстік ауданның орталығы әсіресе, соңғы екі-үш жыл көлемінде күрделі өзгерістерге түсе бастады, әрине, жақсы жағынан. Аудан орталығы Жаңақорған кентінде қазіргі кезде халық саны күрт өсіп, отыз мыңнан асып жығылды. Осы жерде тағы бір айта кететін нәрсе, ауданның жалпы халық саны сексен екі мыңнан асып, облысымызда алдыңғы қатарға шықты. Бұл елдің өскенін, ондағы демографиялық саясаттың дұрыс бағытта келе жатқандығ…