Н. Назарбаев: Индустрияландыру Қазақстанның негізгі мақсаты дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін қажет
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарынан көріну мақсатына жетуі үшін индустрияландыру мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту керек, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында. «Қазақстан қашанда шикізат елі болған. Ол шикізат тасымалдаумен айналысқан, ал енді бүгінгідей заман өзгерген тұста біз тек осы кәсіппен ғана күн кеше алмайтынымызды түсіндік. Шикізат әрдайым сұранысқа ие болмайды және шикізаттың бағасы да осындай жоғары болып тұра бермейді, біз де тек шикізаттың есебінен өмір сүре бермейміз. Тап осы индустрияландыру мен шағына және орта бизнесті дамыту, орта таптың үлкен үлесі –бізге керегі осы. Осының барлығы да біздің басты мақсатымыз – әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан көрінуіміз үшін керек»,-деді Елбасы. Ұлт Көшб…