Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасында жылу, сумен қамтамасыз ету және суды бөлу салаларында құны 460 млн доллар болатын 10 жоба жүзеге асырылады

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы  жылу, сумен қамтамасыз ету және суды бөлу салаларында құны 460 млн доллар болатын 10 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Индустрияландыру күніне байланысты Астанада өткен телемост барысында.

«2015-2017 жылдар аралығында барлығы шағын қаржы ұйымдарымен бірлескен түрде жылу, сумен қамтамасыз ету және суды бөлу салалары бойынша құны 460 млн доллар болатын 10 жоба жүзеге асырылады. Шағын қаржы ұйымдарымен жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған»,-деп мәлімдеді министр.

Е.Досаевтың айтуынша, 2015 жылдың 15-маусымында Мемлекет басшысы сумен қамтамасыз ету, су бөлу, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын несиелеу мен субсидиялау туралы заңына қол қойды. Аталмыш құжат шағын қаржы ұйымдарымен бірге қызмет ететін жекелеген кәсіпорындарға субсидия беруге мүмкіндік жасайды. Оны шағын қаржы ұйымдарымен байланысы бар коммуналдық кәсіпорындар алады. Сондай-ақ, инвесторлар үшін болжамды, халық үшін тиімді болған жағдайда зақмерзімді инвестициялық тарифтерді енгізу мәселесі қарастырылған. Шекті тарифтерге көшу белгіленген тариф арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұған қоса, 2015 жылы Петропавл, Қостанай, Семей және Тараз қалаларында 131 млн АҚШ доллары көлемінде келісім жасалып, тиісті жобалар жүзеге асырылатын болады.

2015 жылы Қазақстан Республикасында су және жылу құбырларының 266 км желісі қайта салынып, 14 бірлік қазандық жөнделеді, деді Ерболат Досаев жалпыұлттық телекөпір барысында.

«Жылу және су құбырларының желісін ескіруден сақтау мақсатында  Ұлттық қор 2015 жылы 60 млрд теңге, 2016 жылы 90 млрд теңге қарыстырып отыр. Осы жылы 96 әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылуда», - деді министр.

Е.Досаевтың айтуынша, осы жылы ғана 266,3 км жылу және су құбырының желісі салынады, және 14 бірлік қазандық орнатылады.

«Бұл  жүйелердің ескіруін 67 пайыздан 65 пайызға дейін қысқартады, 2015 жылы жұмыстың сапасы мен өміршеңдігін соза түседі.  2,5 мың тұрғын үй тұрғындарпына қызмет көрсетеді», - деді ол.

Сондай-ақ, ЕҚДБ мен 95 млн доллар көлемінде келісім орнатылды. Ол Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент қалаларында комунналдық инфрақұрылым  желісін жаңғыртуға бағытталған.

Ақпарат көзі

 

0
0
495

Осы тақырып бойынша