Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ИИДМБ: Ақтау теңіз порты солтүстік бағытта кеңейтілетін болады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасы таныстырылды.

Еліміздегі өңіраралық байланысты нығайтып, жаңа жолдар салу, осылайша алысты жақын ету ─ Елбасының «Нұрлы жол» атты Жолдауының басты бағыты.

Маңғыстау облысында көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Мәселен, Ақтау халықаралық теңіз порты кеңейеді. Сыйымдылығы жоғары танкерлер мен алып кемелерді қабылдай алатын Құрық портын дамыту үшін Ақтаудан жаңа портқа дейін «Боржақты-Ерсай» темір жолы салынады. Осымен қатар бірқатар іс-шаралар жүргізілу жоспарланып отыр.

«Ақтау теңіз  портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасын жүзеге асыру барысы туралы онлайн режимде «Ақтау  халықаралық теңіз порты» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Михаил Ялбачев  әңгімелеп берді.

Жоба  қуаттылығы құрғақ жүктерді жөнелтуді арттыруға, жылына 2,5 млн тонна құрғақ жүкті жөнелтуге бағытталған.

«Жоба құны 38 млрд теңге. Бүгінде үш айлақ  бойынша жұмыстар соңына таяп қалды. Бидай терминалының    сүрлемі  көтерілді, құрал-жабдықтардың монтаж жұмысы аяқталуда. Сонымен қатар, әкімшілік  нысанның, санитарлық-эпидемиологиялық  қызметтер орталығының, материалды  қоймалардың, құрал-жабдық қоймасы мен көлікжай  іргетасы қалануда. Бір уақытта айналма  жолдарда салынуда. Барлық жұмыстар кестеге сай жүргізілуде, нысанды пайдалануға  беру 2015 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған», - деді Михаил Ялбачев.

Жобаға сайт әрқайсысы 10 мың тонна өнімге есептелген  бункері бар бидай сақтау қоймасын салу көзделген. Ол жылына 1,5 млн тонна  бидайды тасымалдауға мүмкіндік береді.

Жалпы, жобаны жүзеге асыру үш кезеңде жүргізілуде. 2006-2011 жылдар аралығында қорғаныс құрылыстары салынды, осы мақсатта «Қазақстанның  даму банкі» АҚ қарызға алынған қаржы жұмсалды. Құрылыстың жалпы құны - 10,82  млрд теңге.

Қазіргі таңда 2013-2015 жылдарға есептелген екінші кезең «Тереңдігін  арттыру» бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Жобаның құны 5,4 млрд. теңгеге есептелінген.

Ал, үшінші кезең «Құрғақ жүк терминалдары мен  инфрақұрылымдар құрылысы» аясында бірлескен кәсіпорын құрылды – «Ақтау солтүстік теңіз терминалы» ЖШС.

Ақпарат көзі

 

0
0
642

Осы тақырып бойынша

ИИДМБ: Ақтау теңіз порты солтүстік бағытта кеңейтілетін болады - Yvision.kz