Сенаторлар сот жүйесін жетілдіруге бағытталған конституциялық заңдарды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Палата Қазақстан мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялады. Келісімде Қазақстан Республикасының қолданыстағы инвестициялық заңнамасында көзделгеннен өзге қағидаларды белгілейтін бірқатар ережелер қамтылған. Келісімнің 12-бабында екінші Тарап инвестордың инвестицияларын экспроприациялаған және мемлекет меншігіне айналдырған кезде оған өтемақы төленетіні көзделеді, бұл кідіріссіз төленуге және төлем мерзіміне дейінгі уақыт кезеңі ескеріле отырып, әділ нарықтық мөлшерлеме бойынша пайызды қамтуға тиіс. Бұл заң бойынша сенаторлар Г.Ким, С.Плотников, С.Жақсыбеков, А.Күзеков, Б.Еламанов өз ойларын ортаға салды. Детутаттар Азамат…