Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекет басшысы флоат-шыны өндірісіне қатысты теңдессіз жобамен танысты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күніне арнайы «Бәйтерек» холдингі ұсынған ірі өндірістердің қатарындағы флоат-шыны өндірісінің жобасымен танысты.

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұрлы жол» мен елдің индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларына арналған Индустрияландыру күні өтіп жатыр. Аталмыш шара аясында Елбасы Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша жүзеге асырылып жатқан өндірістерге арналған көрмені тамашалады.

Елбасы сонымен қатар, «Қазақстанда жасалған, Сделано в Казахстане» белгісімен дайындалған отандық тауарлармен танысты. Бұған қоса Мемлекет басшысы ірі өндірістер көрмесінде де болды.

Осы шаралар барысында «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысына осы холдингтің қолдауымен іске қосылған бірқатар жобалар туралы айтып берді. Олардың бірі жақында ғана Қызылорда облысында таныстырылымы жасалған беттелген шынылар дайындаумен айналысатын «Orda Glass ltd»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. «Бәтерек» холдингі аталмыш жобаға американдық «Stewart Engineers, Inc» компаниясын стратегиялық инвестор ретінде тартуға мүмкіндік жасап, қаржыландыру барысында да қолдау көрсеткен. Жобаның қуаты жылына 197 мың 100 тонна шыныны құрайды. Кәсіпорын 2017 жылы іске қосылады. Зауыт құрылысы кезінде оған 500 адам тартылса, кейін нысан іске қосылғанда онда 310 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.

«Бәйтерек» өкілдері Елбасына Павлодардағы темір жол көліктерін шығаратын «Проммашкомплект» серіктестігінің де жұмысымен таныстырды.

Мемлекет басшысы «Қазақстанда жасалған» көрмесі аясында «Конденсат» АҚ Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында Еуро-5 стандартымен мотор майын өндіру бойынша жобамен танысты.

Сонымен,жобаның жалпы құны 36, 4 млрд теңге. Қаржыландырудың 60%-ы «Байтерек»  холдингінен қамтамасыз етіледі (ҚДБ қарызы).

Жаңа өндіріс ошағын ағымдағы жылдың аяғында іске қосу жоспарлануда. «Конденсат» АҚ мұнай  өңдеу кешенінде жобалық қуаттылық өндірісібар: жылына АИ-92 - 114 000 тонн, АИ-95 - 86 000 тонн жанармай өндіреді. Жобаны  жүзеге асыру арқылы шамамен 400 жаңа жұмыс орны ашылады.

Естеріңізге  сала кетейік,  Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Нұрлы жол»  және индустриялды-инновациялық даму бағдарламаларының жүзеге асуына арналған   жалпыұлттық телекөпір өтуде.

Шарааясында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндірістердің  жұмысымен танысты.

Ақпарат көзі

 

0
0
480

Осы тақырып бойынша

Мемлекет басшысы флоат-шыны өндірісіне қатысты теңдессіз жобамен танысты - Yvision.kz