Мазмұнға өту

Жаңа

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ақтөбелік 70 отбасы жалға берілетін пәтерге ие болды

Ақтөбеде «Бәйтерек» Ұлттық холдингі Қазақстандық несиелік компания желісі бойынша 70 пәтерлі тұрғын үйді қолданысқа берді. Пәтерлерге қалалық әкімдікте баспана алу үшін кезекте тұрған адамдарға берілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы. Жайлылығы бойынша үшінші дәрежелі тұрғын үй таза әрленген күйінде тапсырылды, лифттер, домофондар жұмыс істейді, коммуникация желісі тартылған. Жалға беру келісім 20 жылға ресімделеді. Үйдің бір шаршы метрінің құны - 879 теңге. Көлемі 50 шаршы метрді құрайтын 2 бөлмелі пәтердің бір айлық төлемі 45-47 мың теңге болса, 3 бөлмелі пәтер үшін 79 мың теңге төлеу қажет. 5 жылдан кейін пәтерді жалға алған тұрғындар пәтердің қалған ақшасын төлеп, оны мерзімінен бұрын сатып алу құқығына ие. «Сіздерді осы бір қуанышты күнмен құттықтаймын, - деді қала әкі…

0
0
358

Ахметжан Есімов: Алматының Наурызбай ауданы қысқа мерзім ішінде толыққанды әкімшілік-аумақтық бірлікке айналды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Наурызбай ауданының құрылғанына 1 жыл толуына орай өткен мерекелік шарада Мемлекет басшысының қолдауымен құрылған ауданның қысқа мерзім ішінде қаланың толыққанды әкімшілік-аумақтық бірлігіне айналғандығын атап өтті, деп хабарлады қала әкімдігі. «Бүгін бұл аудан өзінің инфрақұрылымының жедел дамуы барысында көз тартады. Ауданда табиғи аймақтарды зерттеу, олардың ішінен проблемалы жерлерді анықтау, болашақ даму жолдарын есептеу барысында барынша үлкен тындырымды жұмыстар жүргізілді», - деді ол. Қалаға қосылғанға дейін бұл аймақта ауыз сумен қамтамасыз ету басты мәселеге айналды, емханалар жоқ еді, 150 мың тұрғын үшін небәрі 6 мемлекеттік мектеп, 2 мектеп жасына дейінгі мекеме жұмыс істеді, ал жол-көлік құрылымы өте нашар болды. Қазіргі кезде бөлінген 11 млрд. те…

0
0
401

Ә.Исекешев: 5 ай ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 пайызға өсті

Өнеркәсіптік өндірісті қолдау аясында 5 ай ішінде аталмыш сала көлемі 5 пайызға артты, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанадағы жалпыұлттық телекөпір барысында. «Индустрияландыру картасы аясындағы өңдеуші өнеркәсіп жобаларының саны артқан. Индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығы аяқталған, екінші бесжылдығы басталған кезең оңай болып отырған жоқ. Геосаяси қауіп-қатерлер мен мұнай бағасының құлдырауы, Ресей мен Қытайдағы экономикалық өсімнің төмендеуі – біздегі өнеркәсіп пен жалпы экономиканың күн тәртібіне маңызды мәселелер шығарды. Жыл басында өнеркәсіптік кәсіпорындарға қолдау көрсету шараларының жоспары әзірленді, сол жоспар аясында жүйе құрушы кәсіпорындар мен шағын және орта кәсіпорындарға қолдау көрсету шаралары көзделген. Осы жылдағы бес айда өнерк…

0
0
315

Қазақстандық соттар электронды құжат айналымына басымдық беруде – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсының (www.sud.kz) «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электронды сот ісін жүргізу қолға алынғалы бері Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері үшін осы жылғы шілдеден бастап тиісті құжаттарды Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына электронды түрде жіберуге мүмкіндік беретін арнайы функционал іске қосылды, деп хабарлады Жоғарғы сот. Аталған функционал іске қосылған күннен бастап бір тәулік ішінде Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасынан елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 17 әкімшілік материал электронды нұсқада келіп түскен. «2015 жылдың алғашқы бес айы ішінде аудандық және оған теңестірілген соттарға әкімшілік құқық…

0
0
647

Танымал тұлғалар сүйіп оқыған әлем жауһарлары

Француз жазушысы Марсель Превоның «Қолыңа кездейсоқ түскен жақсы кітап, тағдырыңды түбегейлі өзгертуі мүмкін», – деген сөзі бар. Кітап – өткеннің рухы, келешектің кілті. Жақсы мен жаманның парқы. Мәдениеттің биік шыңы. «Адам кітап оқуды қойса, ойлауды қояды», – дейді Д.Дидро. Жадырап жаз келді. Оқушылар жазғы демалысқа шықты. Жыл бойғы қажырлы жұмыстан кейін еңбек демалысына шыққан отандастарымыз қаншама? El.kz интернет жобасы жазғы демалыс маусымын ұтымды пайдалануға шақырып, әлемге әйгілі тұлғалар сүйіп оқыған әлем жауһарларының тізімін ұсынады. Габриэль Гарсиа Маркес 1. Герман Мелвилл «Моби Дик» 2. Джеймс Джойс «Улисс» 3. Роберт Натан «Портрет Дженни» 4. Кэтрин Мэнсфилд «Рассказы» 5. Томас Манн «Волшебная гора» 6. Александр Дюма «Виконт де Бражелон, или Десять лет спустя. Том 1» 7. Фра…

0
0
1516

Н. Назарбаев:«Нұрлы жол» мен индустрияландырудың екінші бесжылдығы бір-бірін толықтырып отыруы керек

«Нұрлы жол» мен индустрияландырудың екінші бесжылдығы бір-бірін үйлесімді толықтырып отыруы керек, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында. «Жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жолға», индустрияландырудың екінші бесжылдығына бастау берілді. Қос бастамада 5 жылға есептелген және оларбір-бірін үйлесімді толықтырып отыруы керек», - деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысының айтуынша, ол Қазақстан үшін өтемаңызды, себебі «Нұрлы жол» енді ғана басталды келер жылы кеңінен етек жаятын болады. Сонымен қатар, Президент әлемдік экономиканың технологиялық дамуын тілге тиек етті. «Біз осы жүзеге асырып отырған индустрияландыру саясатын жүргізуге мәжбүрміз. Екінші бес жылдық аясында жұмыс істеу барысында әлемдіктренді бақылауда ұстауы керек», - деді Ел…

0
0
428

Жеңілдетілген қаржыландыру мен ШҚҰ-ның несиелік желілерін іске асыру 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік

Кәсіпкерлерді жеңілдетілген жүйемен қаржыландыру мен шағын қаржы ұйымдарының (ШҚҰ) несиелік желілерін іске асыру 2015 жылы 8 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев телекөпір барысында. «Кәсіпкерлерді жеңілдетілген жүйемен қаржыландыру мен шағын қаржы ұйымдарының (ШҚҰ) несиелік желілерін іске асыру 2015 жылы 8 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, өндім өндіру көлемін 220 млрд теңгеден асыруға мүмкіндік береді»,-деді министр. Шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиемен қаржыландыру аясында 2014-2015 жылдар аралығында Ұлттық қордан 300 милрд теңге бөлінді. 2015 жылдың 26-маусымы бойынша бөлінген 300 млрд теңгенің 190,4 млрд теңгесі, яғни 63 пайызы игерілді, 874 жоба қаржыландырылды. Ұлттық экономика министрінің сөзінше, кәсіпкерлікті…

0
0
719

Мемлекет басшысы «Орал-Тасқала-Саратов» автожолын қайта жөндеу жұмыстарын іске қосты

Индустрияландыру күніне арналған жалпыхалықтық телекөпір барысында Мемлекет басшысына «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында автомобиль жолдарын реконструкциялау бойынша 4 жоба ұсынылды. «Оңтүстік-Орталық» көлік дәлізінің бөлігі болып табылатын «Алматы-Қапшағай» автомобиль жолын қайта жөндеу жұмыстарымен Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек таныстырды. Ол сөзінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұзындығы 7 мың км болатын 11 автожол жобаларын жүзеге асыру көзделгендігін, олар еліміздің елордасын өңірлермен шұғыла принципі бойынша жалғап, 200 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететіндігін айтты. Осының нәтижесінде жол қозғалысы екі есеге артады. Осындай жобалардың бірі «Орталық-Оңтүстік» дәлізі Астананы Алматы қаласымен Теміртау, Қарағанды, Балқаш, Қапшағай а…

0
0
440

2015 жылдың соңына дейін АЭА өндірісінің саны 140-қа жетеді – Исекешев

2015 жылдың соңына дейін АЭА-да жаңа 20 өнеркәсіп пен арнайы экономикалық аймақ нысандар саны 140-қа жетеді, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанадағы жалпыұлттық көпір барысында. «2015 жылдың соңына дейін АЭА-да жаңа 20 өндіріс пен АЭА қызметтегі нысандар саны 140-қа жетеді. Егер де жүйелік сұрақтарды қарастыратын болсақ, жағдай экономиканы әртараптандыру бойынша одан әрі жұмыс жасауға басқаша көзқарас сыйлайды», - деді Исекешев. Оның айтуынша, бағдарламаларды әзірлеу бойынша 4 негізгі сценарий қарастырылды, ол екі бағыт бойынша: баға, шикізат және интеграция деңгейі. «Соңғы жарты жыл ішінде әлемдік экономика деңгейі көрсеткендей, бізде шикізатқа төмен бағлар мен интеграция деңгейінің жоғарлығын көрсетеді. Біз өз әдістерімізді түзетеміз. Интеграциялық үрдістер мен бю…

0
0
205

Н. Назарбаев: Индустрияландыру Қазақстанның негізгі мақсаты дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін қажет

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарынан көріну мақсатына жетуі үшін индустрияландыру мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту керек, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында. «Қазақстан қашанда шикізат елі болған. Ол шикізат тасымалдаумен айналысқан, ал енді бүгінгідей заман өзгерген тұста біз тек осы кәсіппен ғана күн кеше алмайтынымызды түсіндік. Шикізат әрдайым сұранысқа ие болмайды және шикізаттың бағасы да осындай жоғары болып тұра бермейді, біз де тек шикізаттың есебінен өмір сүре бермейміз. Тап осы индустрияландыру мен шағына және орта бизнесті дамыту, орта таптың үлкен үлесі –бізге керегі осы. Осының барлығы да біздің басты мақсатымыз – әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан көрінуіміз үшін керек»,-деді Елбасы. Ұлт Көшб…

0
0
565