Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жылдың соңына дейін АЭА өндірісінің саны 140-қа жетеді – Исекешев

2015 жылдың соңына дейін АЭА-да жаңа 20 өнеркәсіп пен арнайы экономикалық аймақ нысандар саны 140-қа жетеді, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанадағы жалпыұлттық көпір барысында.

«2015 жылдың соңына дейін АЭА-да жаңа 20 өндіріс пен АЭА қызметтегі нысандар саны 140-қа жетеді.  Егер де жүйелік сұрақтарды қарастыратын болсақ, жағдай экономиканы әртараптандыру бойынша одан әрі жұмыс жасауға басқаша көзқарас сыйлайды», - деді Исекешев.

Оның айтуынша, бағдарламаларды әзірлеу бойынша 4 негізгі сценарий қарастырылды, ол екі бағыт бойынша: баға, шикізат және интеграция деңгейі.

«Соңғы жарты жыл ішінде әлемдік экономика деңгейі көрсеткендей, бізде шикізатқа төмен бағлар мен интеграция деңгейінің жоғарлығын көрсетеді. Біз өз әдістерімізді түзетеміз. Интеграциялық үрдістер мен бюджеттік шектелу арқылы шетелдік инвесторларды арттырамыз», - деді ол.

Бірінші бесжылдық аясында 6 арнайы экономикалық аймақтың құрылысы аяқталды, барлық аймақ бойынша жобаларды толықтыру басталды, жұмысқа халықаралық консультанттар тартылды, деді Әсет Исекешев жалпыұлттық көпір барысында.

«Біздің міндет Қазақстанға инвестиция тарту. 6 институционалды реформаның іске қосылуы – 100 нақты қадам көптеген мәселелерді шешіп, инвестициялық ахуалды жақсартты. «Нұрлы жол»  бағдарламасының іске қосылуы Астанада халықаралық қаржы орталығын ашу , сондай-ақ, Қытаймен бірлескен Жібек Жолы экономикалық бағдарламасы шетелдік инвесторолардың келуіне жаңа серпін береді», - деді Ә.Исекешев.

Министр атап өткендей, осы орайда инвестициялық ахуалды жақсарту әрбір жоба мен инвестормен жеке жұмыс істеуге байланысты.

«20 трансұлттық компаниямен келіссөздер жүргізілуде,10-ымен нақты келісім орнатылды. Бірінші жарты жылда 20 жеке жобаның 6 жобасы шетелдік қатысу арқылы жүзеге асуда. Бірінші бесжылдық аясында 6 АЕА аяқталды. Барлық АЭА бойынша жобапларды толтыру жүргізілуде»,- деді ол.

Сонымен қатар, 2015 жылы Индустрияландыру картасына 100-ге жуық жаңа кәсіпорын енгізілді, деп хабарлады Әсет Исекешев.

«Индустрияландыру картасы жобалары бойынша туындап жатқан мәселелерге қарамай жұмыс жалғасуда. Осы жылы 100 жаңа кәсіпорын енгізіледі. «Нұрлы жол» бағдарламасы бұл орайда үлкен рөл ойнады», - деді ол.

«Нұрлы жол» бағларламасының аясында шамамен 2000 шаршы шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл шамамен 500-ге жуық шақырымдағы жұмыстарды аяқтау көзделіп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы автомобиль жолдары жобалдарында қолданылатын құрылыс материалдарының 97 пайызы отандық тауар болады», -деді Исекешев.

Ақпарат көзі

 

0
0
199

Осы тақырып бойынша

2015 жылдың соңына дейін АЭА өндірісінің саны 140-қа жетеді – Исекешев - Yvision.kz