«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ақтөбелік 70 отбасы жалға берілетін пәтерге ие болды
Ақтөбеде «Бәйтерек» Ұлттық холдингі Қазақстандық несиелік компания желісі бойынша 70 пәтерлі тұрғын үйді қолданысқа берді. Пәтерлерге қалалық әкімдікте баспана алу үшін кезекте тұрған адамдарға берілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Жайлылығы бойынша үшінші дәрежелі тұрғын үй таза әрленген күйінде тапсырылды, лифттер, домофондар жұмыс істейді, коммуникация желісі тартылған. Жалға беру келісім 20 жылға ресімделеді. Үйдің бір шаршы метрінің құны - 879 теңге.
Көлемі 50 шаршы метрді құрайтын 2 бөлмелі пәтердің бір айлық төлемі 45-47 мың теңге болса, 3 бөлмелі пәтер үшін 79 мың теңге төлеу қажет. 5 жылдан кейін пәтерді жалға алған тұрғындар пәтердің қалған ақшасын төлеп, оны мерзімінен бұрын сатып алу құқығына ие.
«Сіздерді осы бір қуанышты күнмен құттықтаймын, - деді қала әкімі Ерхан Омаров. - Елде тұрғын үй құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Жыл сайын мыңдаған шаршы метр үйлер тапсырылып жатыр. Елбасы «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» Жолдауында мұқтаж жандарды баспанамен қамту мәселесіне көп көңіл бөлді».
«Қазақстандық несиелік компания» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сержан Жұмабеков өз сөзінде: «Ақтөбеде Қазақстандық несиелік компания желісі бойынша баспана алғаш рет беріліп отыр. Осыған дейін ағымдағы жылдың көктемінде Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында 2437 пәтер берілді», - деп атап өтті.
Ал Қазақстандық несиелік компанияның өкілі Байрон Утешовтің айтуынша, 2015 жылы 217 ақтөбелік отбасы баспаналы болады. Шілде айында 48 пәтерлі үй тапсырылады. Жыл соңына дейін 12-ші шағынаудандағы «Кең дала» тұрғын үй кешенінен 91 пәтер сатып алу көзделген.
Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарында 24 зертхананы, колледжерде 57 зертхананы жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігінің кезеңмен кеңейуі Назарбаев Университетінің тәжірибесі негізінде бастау алады. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының жаңа ұйымдық-құқықтық нысаны - коммерциялық емес АҚ 100 %-ның мемлекеттік қатысуы заңмен бекітілетін болады. Жоғары мектептер мен жоғары оқу орындарындарының білім беру жүйесінде ағылшын тілінде оқыту кезең-кезеңмен көші жоспарланған.
Жоғарғы мектептер мен жоғары оқу орындарында - білім беру жүйесіне ағылшын тілінде оқытуды енгізу кезең-кезеңмен өтуге жоспарланып отыр. Ғылым саласындағы инновациялық технологиялар Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампус» мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркі негізінде екі инновациялық кластерлерді дамыту жоспарланып отыр. Корпоративтік R&D орталықтарын орналастыру, шағын және орта бизнестің жоғары технологиялық нысандары, стартаптары; инновациялық экожүйесін құру жоспарлануда. Онда сондай-ақ «ғылыми-зерттеулердің нәтижесін коммерцияландыру туралы» Заң әзірленетін болады және индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасы қажеттіліктеріне ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымын қайта бағдарлауды өткізеді.
