Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ә.Исекешев: 5 ай ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 пайызға өсті

Өнеркәсіптік өндірісті қолдау аясында 5 ай ішінде аталмыш сала көлемі 5 пайызға артты, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанадағы жалпыұлттық телекөпір барысында.

«Индустрияландыру картасы аясындағы өңдеуші өнеркәсіп жобаларының саны артқан. Индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығы аяқталған, екінші бесжылдығы басталған кезең оңай болып отырған жоқ. Геосаяси қауіп-қатерлер мен мұнай бағасының құлдырауы, Ресей мен Қытайдағы экономикалық өсімнің төмендеуі – біздегі өнеркәсіп пен жалпы экономиканың күн тәртібіне маңызды мәселелер шығарды. Жыл басында өнеркәсіптік кәсіпорындарға қолдау көрсету шараларының жоспары әзірленді, сол жоспар аясында жүйе құрушы кәсіпорындар мен шағын және орта кәсіпорындарға қолдау көрсету шаралары көзделген. Осы жылдағы бес айда өнеркәсіп өндірісі 0,5 пайызға артқан», - деді Ә.Исекешев.

Оның айтуынша, Қытайдан сұраныстың азаюына байланысты темір рудаларына деген сұраныс азайды.

«Жыл басындағы жағдайға қарасақ, Индустрияландыру картасы аясындағы 700 кәсіпорынның 200-ден астамы біраз қиындықтарға тап болды. Кейбіреуі тіпті өндірістерін уақытша тоқтатып қоюға мәжбүр болды. Бұның бірінші себебі, Ресей рублінің девальвацияға ұшырауы болса, тағы бір себеп – ішкі нарықтағы сұраныстың азаюы. Дегенмен, бес ай ішінде 135 жобаның жұмысын тұрақтандыра алдық. Басқа кәсіпорындар бойынша жағдай оңай болып отырған жоқ, бірақ біз тиісті жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Нақтырақ айтсақ, Индустрияландыру картасы аясында өңдеуші өнеркәсіптегі жобалардың саны 14 пайызға артқан», - деді Әсет Исекешев.

Сонымен қатар, «Біздің міндет Қазақстанға инвестиция тарту. 6 институционалды реформаның іске қосылуы – 100 нақты қадам көптеген мәселелерді шешіп, инвестициялық ахуалды жақсартты. «Нұрлы жол»  бағдарламасының іске қосылуы Астанада халықаралық қаржы орталығын ашу , сондай-ақ, Қытаймен бірлескен Жібек Жолы экономикалық бағдарламасы шетелдік инвесторолардың келуіне жаңа серпін береді», - деді Ә.Исекешев.

Министр атап өткендей, осы орайда инвестициялық ахуалды жақсарту әрбір жоба мен инвестормен жеке жұмыс істеуге байланысты.

«20 трансұлттық компаниямен келіссөздер жүргізілуде,10-ымен нақты келісім орнатылды. Бірінші жарты жылда 20 жеке жобаның 6 жобасы шетелдік қатысу арқылы жүзеге асуда. Бірінші бесжылдық аясында 6 АЕА аяқталды. Барлық АЭА бойынша жобапларды толтыру жүргізілуде»,- деді ол.

Ақпарат көзі

 

0
0
309

Осы тақырып бойынша

Ә.Исекешев: 5 ай ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 пайызға өсті - Yvision.kz