Мемлекет басшысы «Орал-Тасқала-Саратов» автожолын қайта жөндеу жұмыстарын іске қосты
Индустрияландыру күніне арналған жалпыхалықтық телекөпір барысында Мемлекет басшысына «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында автомобиль жолдарын реконструкциялау бойынша 4 жоба ұсынылды.
«Оңтүстік-Орталық» көлік дәлізінің бөлігі болып табылатын «Алматы-Қапшағай» автомобиль жолын қайта жөндеу жұмыстарымен Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек таныстырды. Ол сөзінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұзындығы 7 мың км болатын 11 автожол жобаларын жүзеге асыру көзделгендігін, олар еліміздің елордасын өңірлермен шұғыла принципі бойынша жалғап, 200 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететіндігін айтты. Осының нәтижесінде жол қозғалысы екі есеге артады. Осындай жобалардың бірі «Орталық-Оңтүстік» дәлізі Астананы Алматы қаласымен Теміртау, Қарағанды, Балқаш, Қапшағай арқылы жалғайтын болады. Ұзындығы 1 мың 282 км.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы арқылы айтқан автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пшембаев аталған бағыттың Алматыдан бастап Ресейге дейінгі ашылуы тиіс бөліктері толықтай іске қосылатындығын жеткізді. «Орталық-Шығыс» жобасы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліповтың айтуынша, Павлодар мен Семей арқылы жалғасады, ұзындығы 1 мың 18 км. Ал, «Орталық-Батыс» дәлізі болса Астананы еліміздің батыс өңірлерімен байланыстырады. Сонымен қатар, аталмыш бағыт арқылы Ресейдің Астрахань, Волгоград және Саратов қалаларына да шығуға болады.
Телекөпір барысында Елбасы баяндамашылардың «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша есептерін қабылдап, «Орал-Тасқала-Саратов» автожолын қайта жөндеу жұмыстарын іске қосты.
Сондай-ақ, Астанада жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 10 индустриялды-инновациялық нысанды іске қосты.
Салтанатты жағдайда, «онлайн» режимінде 10 жаңа нысан пайдалануға беріледі:"Aluminium of Kazakhstan" ЖШС-нің / Алматы облысы) алюминий пішіндерін өндіруі, Полимер өнімін өндіру. Атырау облысында газхимиялық кластерді іске қосу, "ӨТМК" АҚ-ның / ШҚО/ кеуекті титан өндіруі, "Burnoye Solar-1" ЖШС-нің / Жамбыл облысы/ Бурное алаңқайында қуаттылығы 50 Мвт күн электрсанциясы, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ-ның №3 домен пешін реконструкциялау /Қарағанды облысы/, "Лидер-2010" ЖШС-нің сүт және ашытылған сүт өнімдерін өндіру цехы / Қостанай облысы/, "ҚТЖ" НК" АҚ-ның «Боржақты - Ерсай» темір жолы / Маңғыстау облысы/, "ҚАЗТЕХМАШ" ЖШС-нің / СҚО/ ауыл шаруашылығы, тасымалдаушы және коммуналдық техника шығаруы, Daedong "KAZ KIOTI" ЖШС компаниясымен корей компаниясымен бірлесіп тракторлар шығару / ОҚО/, "ҚТЖ" НК" АҚ-ның астана қаласындағы көлік-логистикалық орталығы.
