Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жеңілдетілген қаржыландыру мен ШҚҰ-ның несиелік желілерін іске асыру 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік

Кәсіпкерлерді жеңілдетілген жүйемен қаржыландыру мен шағын қаржы ұйымдарының (ШҚҰ) несиелік желілерін іске асыру 2015 жылы 8 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев телекөпір барысында.

«Кәсіпкерлерді жеңілдетілген жүйемен қаржыландыру мен шағын қаржы ұйымдарының (ШҚҰ) несиелік желілерін іске асыру 2015 жылы 8 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, өндім өндіру көлемін 220 млрд теңгеден асыруға мүмкіндік береді»,-деді министр.

Шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиемен қаржыландыру аясында 2014-2015 жылдар аралығында Ұлттық қордан 300 милрд теңге бөлінді. 2015 жылдың 26-маусымы бойынша бөлінген 300 млрд теңгенің 190,4 млрд теңгесі, яғни 63 пайызы игерілді, 874 жоба қаржыландырылды.

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында  бағдарламада қайта өңдеу өнеркәсібі секторындағы кәсіпкерлік субъектілерін 2015 жылы 100 млрд теңгеге, шағын және орта бизнес салаларындағы жобаларды кейінірек те қаржыландыру үшін 155 млрд теңге көлемінде шағын қаржы ұйымдарының несиелік қажрыларын тарту көзделген.

«Бүгінгі таңда жеңілдетілген несиелеу аясында 25,4 миллиард теңгеге кәсіпкерлердің 129 жобасы қаржыландырылған. Екінші деңгейлі банктер 32,1 млрд теңгенің 97 жобасын мақұлдады»,-деді министр.

«2015-2016 жылдар аралығында жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы мен сатып алу үшін Ұлттық қордан 145 млрд  теңге қарастырылды. Ағымдағы жылы 7000 астам пәтер сатып алынады, осы мақсатта республикалық бюджеттен 122 млрд теңге бөлінді», - деп мәлімдеді  министр.

Е. Досаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айында кезекте тұрғандардың арасында  жалпы көлемі 133 мың шаршы метр болатын 2 437 пәтерді алғашқы үйлестіру  басталды.

«Ағымдағы жылдың маусым айында қосымша жалпы көлемі 21 мың шаршы метр болатын 360 пәтерді тізімде тұрғандардың арасында үйлестіру басталды. Қазіргі таңда жалпы көлемі 200,9 мың шаршы метр 3280 жалға берілетін пәтердің құрылысы жүргізілуде», - деп атап өтті ҰЭМ министрі.

Е. Досаев хабарлағандай, 2015 жылы Ұлттық қор есебінен  жергілікті атқарушы органдарға 240 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін 30 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Тұрғын үйлердің құрылысы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды қамтамасыз ету бойынша жүргізілуде.

Сонымен,  2015 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту үшін 42,7 млрд теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлінді, оның ішінде Ұлттық қордан  17,5 млрд  теңге бөлінді.

«Аталмыш қомақты қаржыға 170 жобаны жүзеге асяру басталды, оның ішінде 66 жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда», - деді Досаев.

Ақпарат көзі

 

0
0
708

Осы тақырып бойынша

Жеңілдетілген қаржыландыру мен ШҚҰ-ның несиелік желілерін іске асыру 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік - Yvision.kz