Қазақстандық әскери қызметшілер Абай шыңын бағындырды
АСТАНА. ҚазАқпарат — Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері Абай шыңына шықты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Биіктігі 4 010 метрлік тау шыңын бағындырған әскери қызметшілер бұл жеңісін қазақтың ұлы ақыны, дана ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арнады. Бірінші бағындырған шың 2 880 метр биіктікте орналасқан Іле Алатауы бөктеріндегі асудың бірі болатын. Әскери қызметшілер осы жерге түнеп, таңертең қайта жолға шықты. Нәтижесінде Абай шыңына әскери альпинистер жеті сағатта (қонған уақытты есепке алмағанда) жетті. Әскери қызметшілердің айтуынша, ауа-райы олардың таудағы жорығына қолайлы жағдай жасады, ал түнгі жауған жауын жеке құрамның жауынгерлік рухын шыңдады. Қазақстанның Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты әскери қызметшілер үшін тау даярлығы жау…

