1-жартыжылдықта 3 мың дәрігер біліктілікті көтеру бойынша емтихан тапсырды – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
2015 жылғы 1-жартыжылдықта жоғары, бірінші және екінші дәрежедегі біліктілік санатын алудан үміткер отандық дәрігерлер тәжірибелік дағдыларын және білімдерін бағалау барысында шұғыл көмек көрсету дағдыларын меңгергенін дәлелдеді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, бірінші және екінші санатты иелену үшін олар анафилактикалық шок, жіті коронарлық синдром, жүрек кенет тоқтап қалған кезде, жоғары тыныс алу жолдарына (коникотомия) бөтен зат тұрып қалған кезде шұғыл көмек көрсету және базалық жүрек - өкпе жан сақтау шараларын жасау дағдыларын дәлелдеуге тиіс болатын. Терапевт, хирург, акушер-гинеколог, педиатр, стоматолог және өзге бейінді дәрігерлер жоғары санат алу үшін клиникалық тапсырманы (клиникалық жағдайды) қолдана отырып, зертханалық және аспаптық көрсеткі…