Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астана күні

2015 жылдың 1 шілдесінде Астана күні мерекесіне орай, Департамент қызметкерлерінің мектеп жасындағы балаларға арналған «Менің сүйікті Астанам» атты суреттер байқауы жарияланды.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты идеологиялық тұрғыда тәрбиелеу және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Суреттерді бағалау үшін Департамент қызметкерлерінен комиссия құрамы жасақталып, олар суреттерді қарап шынайы бағаларын берді.

Балалар өз суреттерінде Қазақстанның елордасы – Астанаға деген махаббаттарын және отансүйгіштіктерін бейнеледі.

В своих рисунках дети показали патриотизм и всю свою любовь к столице Казахстана – Астане.

2015 жылдың 3 шілдесінде конкурстың қорытындысы шығарылды. Конкурстың жеңімпазы болып 9 жасар Әлима Мұратова танылды. Жеңімпаздар мен қатысушыларды Департамент басшысы Ә.Х.Әшірбаев құттықтап, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

   

 
0
0
367

Осы тақырып бойынша

Астана күні - Yvision.kz