Келли Павлик: Головкинге Альвареспен айқасу керек, Котто тым кішкентай
АСТАНА. ҚазАқпарат — Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Келли Павлик қазақстандық Геннадий Головкин жайлы, сондай-ақ оның Мигель Котто және Сауль Альвареспен кездесу мүмкіндігі туралы пікірін білдірді.
Келлидің пайымдауынша, қазақстандыққа бәсекелес бола алатын жалғыз боксшы — Альварес. Өйткені Котто орта салмақ үшін тым жеңіл.
«Қазір Головкин Альвареспен күш сынасуы керек деп ойлаймын. Бұл жекпе-жекте ол өз мүмкіндігін көрсете алады. Ол аса қабілетті деген пікірдемін, алайда Канеломен кездесуде бұған тағы бір көз жеткізуіміз керек», — деген Павликтің сөзін келтіреді Boxingscene.

