Мазмұнға өту

Жаңа

Жанболат пен Жазира: Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана

ҚР Мәдениет қайраткерлері, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

Отбасылық құндылықтар туралы ой өрбіткен Жазира Байырбекова: «Отбасының беріктігі кешірімділікпен сақталады. Ер мынадай, әйел мынадай болуы керек деп, кесіп айту қиын. Себебі, әр адамның мінезі әр түрлі»,-дейді. Ал, Жанболат Ербатыров: «Отбасылық өмірге қадам баспас бұрын әр адам өзіне үлкен жауапкершілік алғаны дұрыс»,-деген пікірде. Жазира Байырбекованың орындауындағы соңғы әннің бірі «Майлықожаның термесіне» тоқталған әнші: «Халық әндеріне аз да болса, үлес қосайық деген ниетпен осы туындыға бейнебаян түсірдік. Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана. Әзірге жастарға ұнап жатыр»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

0
0
323

Жұматай Ахметхан: Битбокс өнерінде бастысы – ырғақ

Битбоксшы, «Астанаға арнаймын» байқауының үздік қатысушысы Жұматай Ахметхан бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Оқып жүрген кезімде осы өнермен айналысатын бала болды. Соған қызығып жүріп, үйреніп алдым. Жалпы, битбокс – биттан тұрады. Шетелде жақсы дамыған. Сонау 1990-шы жылдары пайда болған өнер біздің елде енді өріс алып келеді. Жастар ерекше қызығады. Бағалап та жатыр. Дамуы әлі алда»,-дейді Жұматай Ахметхан. «Күнделікті тұрмыста, жұмыс істеп жатқанда, оқуға барарда музыка тыңдап отырып, әннің ырғағына қосылып жасаймын. Жүре дамитын өнер. Арнаулы ән керек емес, бастысы – ырғақ болса жетеді. Әншілермен бірігіп ән айтуға әлі ерте. Себебі, менің тәжірибем аз». «Менің бұл өнермен айналысып жүргеніме екі ай ғана болды. Негізі битбоксты толық меңгеру үшін бір жылдай уақыт керек». Толығырақ…

0
0
394

«Қазақ аруы»

«Қазақ аруы» байқауының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» біле аласыздар. Ширек ғасыр қазақ қызының әсемдігі мен ақылдылығына таразы болып келген «Қазақ аруы» байқауы бүгінде кең өріс алып келеді.  Мұны қазіргі таңда жиі ұйымдастырылатын мектепаралық, аудан, облысаралық арулар байқауынан көруге болады. Құртқа мен Гүлбаршын секілді ақылына көркі сай қазақ сұлуларының бүгінгі сіңлілері қандай? Олардың ізбасарлары кімдер? «Қазақ аруы» қазақ аруы деген мәртебелі есімге лайықты бола алып жүр ме? Алғашқы «Қазақ аруы» кім? Қазір қайда? Немен айналысады?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.

0
0
214

дәйексөз

© Alécio de Andrade

Жасөспірімнің екі негізгі қорқынышы: Мен шынымен барлығындаймын ба әлде ешкімге ұқсас емеспінбе деген сөздермен жүреді

Біз өскенде барлық затты түсінеміз деп ойлаймыз бірақ оның бәрі жай ғана қиял

/Дэвид Линч/

2
0
759

Елбасы: «Астана – республикалық бюджеттің донорына айналды»

Мемлекет басшысы небәрі 17 жасқа толған ел астанасының қазірдің өзінде бай әрі даңқты тарихы бар екенін айтты. Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус, зиялы қауым және іскерлік орта, мәдениет пен білім беру саласы өкілдері қатысқан жиында Елбасы Астана туралы ойымен бөлісті. – Бүгінде елдің бас қаласы тек бірегей ғимараттарымен ғана емес, қайталанбас өзіндік ахуал-тынысымен де ерекшеленеді. Астананың өз «гравитациясы» бар, ол таланттарды, жаңа жобаларды, қаржылық, зияткерлік және әлеуметтік капиталды өзіне тартып тұрады. Осында өмір сүруге, өз болашағын осында бедерлеуге ұмтылғандар барған сайын көбеюде. Астана халқының саны күткендегінің бәрінен де асып түсіп, миллионға жуықтап қалды. Бұл ретте қаланың елге берері де көбейе түсуде. Бүгінде А…

0
0
372

«Қалалық орам ырғақтары»

«Қалалық орам ырғақтары» Дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның, әлемнің сәулетті қаласына айналып отырған ғажайып шаһардың, еліміздің астанасының туған күніне орай Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ бастаманы өз қолына алып, жоспарлаған «Қалалық орам ырғақтары» концерттік бағдарламасын кешегі күні ойдағыдай іске асырды. Бұл мереке атауының өзі айтып отырғандай, ол жастар мәдениетінің, ойын-сауықтарының және жарқын өмірінің айнасы іспеттес. Сахнада хип-хоп, паркур, брэйк дэнс, футболдық фристайл өкілдері және роллер мен скейтерлер өз дарынын көрерменге ешбір аямай сыйлады. Бұл жастардың көркем әрі әсерлі орындаулары, айла-шағырлы шеберлердің күші мен трюктері көрермен көзайымы болды.…

0
0
450

Шарапова Заринаның болашағына сенеді

Қазақстанның нөмір бірінші ракеткасы (әйелдер арасында) Зарина Дияс«Үлкен дулыға» турнирлерінде Мария Шараповамен алғаш рет кездесіп жатқан жоқ. Бұған дейін «Australian Open» турнирінің үшінші айналымында әлемдік рейтингте екінші ракеткасымен қарсыласып, 6:1, 6:1 есебімен жеңілген болатын. Зарина Дияс пен Мария Шарапованың екінші кездесуі «Уимблдонда» өтті. Бұл жолы төртінші айналым. Зарина қарсыласын зерттеп, үлкен дайындық жасағаны көрініп тұр. Аустралияда оңай айналып өткен ресейлік теннисшіге бұл жолы үлкен тойтарыс берді. Зарина Дияс әлемнің үздік теннисшілерімен талай кездескен еді. Симона Халеп, Петра Квитова, Доминика Цибулкова, Анжелика Кербер, Саманта Стосур және Мария Шарапова... Бірақ, жас спортшы әзірге әлемнің үздіктерін бірде-бір мәрте жеңе алған жоқ. Мүмкін тәжірибенің азд…

0
0
313

«Қазақстанда жасалған» флеш-мобі

«Қазақстанда жасалған» флеш-мобі

Өткен жұмада АО жергілікті еңбекақының өркендеуі бойынша “NADLoC” ҚР Ұлттық агенттігі ұйымдастырылуымен, «Қазақстанда жасалған»  жалпыұлттық акциясына арналған көптен күткен флеш-моб өз мәресіне жетті.

Осы акция шеңберінде, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ назар аудару мен отандық өндірушілерді қолғабыс ету мақсатында, әжептәуір жұмыс атқарды. ЖҚКО қызметкерлері жас қатысушыларды би қимылдарына үйретіп, ақырында жақсы нәтиже байқады. Өте жақсы қойылым, біркелкі киім, атақты эстрада жұлдыздарының музыкалық сүйемелдеуі және ең бастысы еліміздің символикасы – жалпы көрініс көрермен көзін жаулап патриоттық рухын сездіртті.

0
0
406

Дүниежүзілік бокс ұйымы Флойд Мейвезерді чемпиондық атағынан айырды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Дүниежүзілік бокс ұйымы америкалық Флойд Мейвезерді 66,68 келіге дейінгі салмақ санатындағы әлем чемпионы титулынан айырды. Бұл туралы ТАСС жазады. Мейвезер 3 мамырда филиппиндік Мэнни Пакьяоны жеңіп, барлық үш белдікті (сондай-ақ Дүниежүзілік бокс қауымдастығы мен Дүниежүзілік бокс кеңесі) босату ниетін мәлімдеді, осыған орай ДБҰ бос титулды иелену үшін америкалық Тимоти Брэдли мен Джесси Варгас арасында жекпе-жек тағайындаған болатын. Бұл туралы USA Today басылымы хабарлады. Алайда Мейвезердің өкілдері ұйымға боксшы әлем чемпионы белдігін босатпағаны жайлы хабарлап, титулды мәртебеге таласатын Брэдли-Варгас жекпе-жегін болдырмауды талап етті. ДБҰ спортшыға 66,68 келіге дейінгі салмақ белдігін босатуын шешу үшін уақыт берді. Ұйым қағидасы бойынша, спортшыға басқа нұс…

0
0
275

Михаэль Шумахердің қызы Еуропа чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Формулы-1″ жарысының жеті дүркін жеңімпазы Михаэль Шумахердің қызы Джина Мария атқа шабудан жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды Mirror.

Жарысқа әлемнің 9 елінен 46 спортшы қатысқан.

Сондай-ақ Джина Мария Германия құрамасына командалық есепте алға шығуға көмектескен.

Еске сала кетейік, Шумахердің кіші баласы Мик «Формула-4″ автожарысына қатысады.

Ал Михаэль Шумахердің өзі 2013 жылдың желтоқсанында тау шаңғысын тебу кезінде басынан алған ауыр жарақатынан кейін ем алып жатыр.

0
0
263