Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан қоржынына алтыншы алтын түсті

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар 6-шы алтын медальға қол жеткізді.

Бұл туралы Спорт.кз хабарлады.

Жеңілатлетші қыздар арасындағы спринтерлік  эстафетада (4×100) жерлестеріміз қарсылас шақ келтірмеді. Құрамында Виктория Зябкина, Светлана Иванчукова, Юлия Рахманова, Анастасия Тулапина бар біздің команда — бірінші, америкалықтар — екінші, таиландтықтар үшінші орын алды.

Айта кетейік, кеше сырықпен секіруден Никита Филлипов 5 метр 50 см биіктікті бағындырып, құрама қоржынына 5-алтынды салған болатын.

Басты сөздер: Спорт
 
0
0
346

Осы тақырып бойынша