Әсет Сисенов: Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жаңалығы көп

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актері Әсет Сисенов және «Жалында» би ансамблінің мүшелері Аялы Бақытбек пен Амина Латиф бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөліскен Әсет Сисенов: «Бүгінде театрымызда жаңалық көп.
Биылдың өзінде 4 ірі спектакль, 2 балаларға арналған қойылым қойып, Ялтада, Бішкекте өтетін фестивальдерге жолдама алдық. Театр жас актерлер мен режиссерлерге де толығып келеді»,-дейді. Халықаралық «BRAVISSIMO» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі-сайысында екінші орынды иеленген жас бишілер алғашқыда қобалжып, билей алмай қаламыз ба, деп жүрексінгендерін айтады.
Бірі әнші, бірі биші болғысы келетін екі өреннің «Әдемі-ай» биін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
