Вьетнамда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тұсаукесері өтті
Ханой қаласында Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігімен Ханой ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығында «100 нақты қадам – «Мәңгілік Ел» – Ұлттық идея» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді, деп хабарлады ҚР СІМ. Іс-шараға Ханой ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы, Вьетнамның ғылыми зиялылар мен сарапшы қауымдарының өкілдері, сондай-ақ, университеттің профессорлары, оқытушылары, аспиранттар мен студенттері қатысты. «Дөңгелек үстел» Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған бес институционалдық реформаға арналды, ондағы әр бағыт таныстырылып, олардың мақсаты мен жүзеге асырылу тетіктері талқыланды . Қазақстан Елшісі Бекетжан Жұмаханов өз сөзінде аудиторияны еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық сала…








