Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі бар

Грек-рим стиліндегі күрестен жаңартылған UWW әлемдік палуандар рейтингі жария болды.

Рейтинг тізімінде алты қазақстандықтың есімі жазылған, деп хабарлайды baistars.kz.

59 келіде өнер көрсететін Алмат Кебіспаев — 19-шы орында. Демеу Жадырәлиев (66 келі) — 12-ші орында және тағы бір осы салмақ өкілі Айбек Еңсеханов — 17-ші орында.

Ал Асхат Ділмұхамедов (80 келі)  - 14-ші орында болса, 85 келіде күресетін Нұрсұлтан Тұрсынов 19-шы орында.

Жерлестеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш аса ауыр салмақта күресіп жүрген  Нұрмахан Тінәлиевтің еншісінде. Ол 5-ші орында тұр.

 
0
0
332

Осы тақырып бойынша

UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі бар - Yvision.kz