Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандық боксшылар Самарадағы халықаралық турнирде бақ сынайды

Келесі аптада Ресейдің Самара қаласында екі дүркін Олимпиада чемпионы Олег Саитовтың жүлдесіне бокстан халықаралық турнир басталады, деп хабарлады Самара техникалық университетінің сайтында.

Өңірлік спорт министрлігінің қолдауымен «Политех-СамМТУ» боксшылар клубының бастамасы бойынша өткізілетін турнирге Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Ирландия өкілдері қатысады.

Шаршы алаңда барлығы 60-қа жуық бокшсы бақ сынайды. Турнирдің құрметті қонақтары — бокс бойынша Олимпиада чемпионы Гайдарбек Гайдарбеков, Олимпиадалық ойындар жүлдегері Райымкул Малахбеков, әлемнің, Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы Евгений Макаренко.

23 шілдеде ашылатын турнир Самара мемлекеттік техникалық университетінің спорт кешенінде өтеді.

0
0
437

Қазақстандық дзюдошылар «Үлкен дулыға» турнирінің алғашқы күнінде бір күміс және екі қола еншіледі

Ресейде дзюдо бойынша «Үлкен дулыға»  турнирінің кезеңі басталды, деп хабарлады sports.kz.

«GRAND SLAM» сериясындағы халықаралық турнирде қазақстандық дзюдошылар жарыстың бірінші күнінде үш медальға ие болды.

60 келіге дейінгі салмақта Айбек Имашев пен Асхат Тельманов үшінші орынды еншіледі. Ал 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Есімбетов күміске қол жеткізді. Бірінші орын жапониялық спортшы Томофуми Такаджоға бұйырды.

Басты сөздер: Спорт
0
0
442

«Астана» шабандозы Винченцо Нибалидің ақшасы мен көзілдірігі ұрланды

«Астана» командасының велошабандозы Винченцо Нибалидің қонақ үйдегі бөлмесінен қымбат заттары мен ақшасы ұрланды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бірнеше команда отелге риза болмады, себебі оның дайындығы нашар. Ең сорақысы, Винченцо таңғы асқа кеткенде бөлмесінен 500 еуросы мен 2014 жылы жеңіске жеткен «Тур де Франс» турнирінде таққан күн сәулесінен қорғайтын көзілдірігі ұрланды», деп хабарлады британиялық журналист Ричард Мур.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
295

Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстан Австралиядан ұтылды

Дэвис Кубогы әлемдік тобының Австралия - Қазақстан 1/4 финалының матчы аяқталды, деп жазды Sports.kz.

Бірінші күні  Михаил Кукушкин мен Олександр Недовесов Танаси Коккинакис  пен Ник Киргиосты жеңді. Бірақ екіншісінде   австралиялықтар Сэмюэл Грот пен Ллейтон Хьюитт қазақстандық Андрей Голубев пен Олександр Недовесовтен басым түсті.

Бүгін Австралия командасы  Коккинакис пен Киргиостың орнына кортқа Грот пен Хьюитті шығарды. Қазақстандықтар бұған дайын болмады, алдымен Кукушкин Гроттан - 3:6, 6:7, 6:4, 6:7 есебімен, кейін  Недовесов Хьюиттан — 6:7, 2:6, 3:6 есебімен жеңілді.

Осылайша Дэвис Кубогының жартылай финалына  Австралия шықты.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
341

Астанада «Болашақ» түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Астана қаласындағы «Astana Mall» сауда үйінде Bolashak Job Fair 2015 болып өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерін жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша іс-шараның ұйымдастырушылары Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады. Жәрмеңке бағдарламасында – жұмыс берушілердің таныстырулары, тестілеулер, кәсіби сұхбат және networking – компаниялардың топ-менеджментін «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен бейресми таныстыру өтті. Bolashak Job Fair жұмысы шеңберінде Networkingsession өткізілді, онда жәрмеңке қатысушыларымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Арын Орсариев кездесіп, өзінің жеке табысы тарихымен бөлісті. «Мәңгіл…

0
0
404

А. Пириев: ҚХА 20 жыл бойы қуатты, тұрақты ел қалыптастыруда

Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жыл ішінде қуатты, тұрақты ел қалыптастыруда, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Астана қаласының «Ахыска» түрік этномәдени ұйымының төрағасы Аскер Пириев. «Қазақстан халқы Ассамблея жылы аясында ассамблея тек Қазақстандағы бірегей институт емес, оның шекарасынан алшақ жерде де ерекше екені байқалады. Бұл жағдай, ҚХА шекарадан тыс жерде тек теорияда ғана емес, тәжірибе жүзінде де бар. Бұл тәжірибені біразы қолданады. Көптеген елдер өкілдері біздің елге осы тәжірибені игеру үшін де келіп жатқан жағдайлар болды», - деді А.Пириев. Оның айтуынша, ҚХА 20 жыл ішінде тұрақты, қуатты ел қалыптастырып келе жатыр. «Қазіргі таңда жаһандық әлем өзгеріп, экономикалық, саяси дағдарыстар, табиғи катаклизмдер орын алуда. Бұл жерде тұрақты қоғамға ие болу өте маңызды…

0
0
397

«Жас Отан» жастарды шақырады

Елорда жастары үшін зор мүмкіндік. «Жас Отан» ЖҚ қолдарында дипломы бар түлектерді «Сәтті қадам» жобасына қатысуға шақырады. Тағылымдама еліміздің алдыңғы қатарлы компаниялары мен мемлекеттік органдарында өтеді. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған жобаға ЖОО мен арнайы оқу орындарын тәмамдаған жастар мен 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. «Сәтті қадам» жобасы бойынша құжаттар ағымдағы жылдың шілде айының 31-не дейін қабылданады. Жобаға қатысу үшін, түйіндеме, жеке анықтама, дипломның көшірмесі (қосымшасымен бірге) және өзіңіз жайлы және алдағы мақсаттарыңыз туралы жазылған эссені [email protected]. сайтына жіберу керек,– деп жазады «Жас Отан» ЖҚ ресми сайты. Қатысушыларды тағылымдамадан өткізуге дайын компаниялар тізімі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпараты келесі сілтемеде…

0
0
934

Қазақстан ғарыш сапары и Airbus строят сборочно-испытательный комплекс космических аппаратов

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - АО «НК «Қазақстан ғарыш сапары» совместно с французской компанией Airbus реализуют проект по созданию сборочно-испытательного комплекса космических аппаратов. Об этом сегодня сообщил министр по инвестициям и развитию РК Асет Исекешев на пресс-конференции в СЦК. Кроме того, по его словам, есть еще один перспективный проект - создание судостроительного, судоремонтного завода, которое планируется реализовать с компанией Eni из Италии. Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев в Плане нации «100 конкретных шагов» отмечает необходимость создания в приоритетных секторах экономики совместных предприятий с «якорными инвесторами» - международными стратегическими партнерами (по примеру «Эйр Астаны», «Тенгизшевройл», завода по строительству локомотивов КТЖ). «В дальнейшем доля гос…

0
0
434

Аудан әкімдерінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшілерімен семинар-кеңес өткізілді

Ағымдағы жылғы 17 шілдеде облыстық мәслихат ғимаратында аудан әкімдерінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшілерімен семинар-кеңес өткізілді. Аталған шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, облыс әкімі аппаратының өкілдері, сондай-ақ жер қатынастары, білім, қаржы басқармаларының, әділет департаментінің, қаржылық бақылау инспекциясының мамандары қатысты. Жиынға қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетінің этикалық құндылықтары, консультациялық-кеңес органдарының жұмысын ұйымдастыру, нормативті құқықтық актілерді тіркеудің өзекті мәселелері, мемлекеттік қызметтерді көрсету жайлы мәселелерді талқылады.Семинарға қатысушылар өздерінің салаларына қатысты әзірленген баяндамаларын оқыды. Департаменттің тәртіптік-әкімшілік т…

0
0
363

Әрекет етудің жаңа тәсілдері

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алдын-алу жұмыстарын жүйелі түрде өткізу мақсатында, жемқорлық құқық бұзушылықтарға тағылатын жауапкершілік туралы кезекті рет хабар таратуда.
Бұдан былай жеке, заңды тұлғалар және мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері Департаментпен хат алмасу кезінде, ведомствомен арнайы әзірленген сыбайлас жемқорлық туралы баптар, сонымен қатар оларға қарастырылған жауапкершілік туралы ақпараты бар пошталық конверттер алатын болды.

0
0
265