А. Пириев: ҚХА 20 жыл бойы қуатты, тұрақты ел қалыптастыруда
Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жыл ішінде қуатты, тұрақты ел қалыптастыруда, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Астана қаласының «Ахыска» түрік этномәдени ұйымының төрағасы Аскер Пириев.
«Қазақстан халқы Ассамблея жылы аясында ассамблея тек Қазақстандағы бірегей институт емес, оның шекарасынан алшақ жерде де ерекше екені байқалады. Бұл жағдай, ҚХА шекарадан тыс жерде тек теорияда ғана емес, тәжірибе жүзінде де бар. Бұл тәжірибені біразы қолданады. Көптеген елдер өкілдері біздің елге осы тәжірибені игеру үшін де келіп жатқан жағдайлар болды», - деді А.Пириев.
Оның айтуынша, ҚХА 20 жыл ішінде тұрақты, қуатты ел қалыптастырып келе жатыр.
«Қазіргі таңда жаһандық әлем өзгеріп, экономикалық, саяси дағдарыстар, табиғи катаклизмдер орын алуда. Бұл жерде тұрақты қоғамға ие болу өте маңызды. Әлемде болып жатқан оқиғалардан бізде тек тұрақты, қуатты ел болған кезде ғана шығу мүмкін. ҚХА 20 жыл ішінде сондай қоғам дайындауда», - деді ол.
« Елбасы атаған «100 нақты қадам» ұлттық бірлікпен, яғни ҚХА-мен байланысқан. Елбасы атап өткендей, ҚХА – республиканың барлық х17 млн халқы. Меніңше, ҚХА «100 қадамды» жүзеге асыруға белсенді араласуда. Жақын арада біз қорытындыларды көретін боламыз», - деді А.Пириев.
Оның айтуынша, «Ұлт жоспары – «100 қадам» бағдарламасын жүзеге асыру халық бірлігіне келіп саяды.
« «100 нақты қадамда әр түрлі жағдайлар бар, олар экономика, саясат, әлеуметтануға қатысты болуы мүмкін. Егер біздің қоғамымыз берік, ынтымақта болса экономика мен саясат та соның кейпін киеді», - деді ол.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі.
