Мазмұнға өту

Жаңа

«KAZsport» телеарнасы «Алашкерт» – «Қайрат» ойынын тікелей эфирде көрсетеді

23 шілдеде Ереванда Еуропа Лигасы аясындағы «Алашкерт» - «Қайрат» арасындағы қарымта ойын өтеді.

Алматыда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» командасы «Алашкертті» 3:0 есебімен жеңген еді.

Осылайша егер 23 шілдеде «Қайрат» армениялық «Алашкерт» клубын айналып өтсе, онда УЕФА Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Риека» мен шотландиялық «Абердин» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, «Алашкерт» пен «Қайрат» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде 23 шілде күні сағат 20:50-де көре аласыздар.

0
0
198

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бақтияр Эюбов қарсыласын 27 секундта ұтты

Қазақстандық Бақтияр Эюбов кәсіпқой рингтегі 7-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол Мичиганда (АҚШ) өткен кездесудің 27 секундында 25 жастағы Райан Хогансты нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, бұл Бақтиярдың ең жылдам жеңісі емес. Ол 2012 жылы Жозе Брюйерді 9 секундта ұтқан еді.

Осыған дейін орта салмақта (72,5 келі) сынға түскен Б.Эюбов осы жолы жартылай орта салмаққа (66,6 келі) ауысуды шешкен. Жалпы Бақтияр кәсіпқой шаршы алаңда 7 жекпе-жек өткізген.

Енді қазақстандық кәіпқой боксшы оның карьерасын қолдайтын демеушілер іздестіруде.

0
0
234

20-21 шілде күндері «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық үзіліс

Жоспарлы-тәжірибелік жұмыстар кестесі және 2015 жылға арналған «Қазтелерадио» АҚ Ұлттық телерадиотарату желісі техникалық орталығындағы бақылау жұмыстарына сәйкес 20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін «Қазтелерадио» АҚ-да тоқсандық жоспарлы-тәжірибелік және «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық жұмыстар жүргізіледі. Ал, 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында жоғарыда көрсетілген техникалық құрылымдарда тоқсандық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай 20 шілде күні Қазақстан Республикасы бойынша Қазақ радиосының бағдарламалары 03:00-17:00 аралығында, «Шалқар» Ұлттық арнасының бағдарламалары 06:00-17:00 аралығында, «Астана» радиосының хабарлары (Астана қаласындағы қабылдағыш FM -101,4) 07:00-17:00 аралығында, «Classic» радиосының хабарлары 03:00-17:00 аралығында эфирге шықпайды. 21 ш…

0
0
187

«Әні үзілмеген ауыл»

Кенен ауылының өнерлі тұрғындары турасында сыр шертпек. Әр адамның өз Жерұйығы болады. Желмаясын желдіріп, жер төресін іздеген Асан Қайғы бабамыз қазақ жерінің әр өлкесінің өз ерекшелігін айтқан еді. Ән мен жырға отан болған Жетісу топырығаның бір пұшпағы, киелі төрі – Кенен ата ауылы. Топырағынан кие кетпеген осындай ауылдар – елдің  алтын тамыры. «Айтуға оңай...» бүгін 21.05-те Кенен ауылының өнерлі тұрғындары турасында сыр шертпек.  
0
0
608

«Замана бұлбұлдары». Тұрмағамбет Ізтілеуов

Тұрмағамбет Ізтілеуов - халық ақыны, аудармашы. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы - білім-ғылымды («Балаларыма», «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын», Ұлдарыма», «Абайды оқығанда»), адамдық пен ізгілікті («Адамдық іс», «Жақсы мен жаман», «Қабанға қарсы ұмытылма ер дегенге», «Толымды жігіт») және сатиралық («Құрбанғалиға», «Бар» мен «Жоқ», «Ал» мен «Бер», «Бірге туған», «Құлжан биге», т.б.) өлеңдерді насихаттау болды. Ақын  жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі. Т.Ізтілеуов ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би-шешен де бола білген. Ақынның шығармашылығымен толығырақ бүгін 17:00-де «Замана бұлбұлдары» деректі фильмінен таныса аласыздар.

0
0
818

Дәстүрлі музыка конференциясы өтуде

Биыл тұңғыш рет Астанада ICTM 43-ші Дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясы өтуде. 90 елден келген өнер өкілдерінің басын тоғыстырған халықаралық шара шілденің 22-не дейін жалғасады. Дүниежүзілік конференция Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қамқорлығымен Қазақ ұлттық өнер университетінде өтіп жатыр. ICTM 43-ші Дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясының тарихы 1947 жылдан бастау алады. Бұл – әлемнің 90 елінің өкілдерін біріктірген Дәстүрлі музыка жөніндегі халықаралық кеңес. Конференцияның негізгі мақсаты барша әлем елдерінің дәстүрлі музыкасы мен билерін зерттеу, құжаттау, сақтау және кеңінен насихаттау болып табылады. ICTM 43-ші Дүниежүзілік дәстүрлі музыка конференциясының тарихи ерекшелігі – бұрынғы Кеңес Одағы мен Оталық Азия…

0
0
600

Ел және жаһан жаңалықтарын Ұлттық арнадан біліңіз

Күн сайын қоғамдағы түрлі өзгерістер мен әлемдегі маңызды жаңалықтар «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тілшілерінің назарынан тыс қалған емес. Әр алуан әлеуметтік мәселелермен қатар, саясат, мәдениет, ғылым-білім, спорт жаңалықтарына сағат 12:30, 17:30 және 20:30-да қаныға аласыздар. Ал, апта басындағы ең өзекті деген ақпараттармен бүгін 17:30-да танысыңыз.

0
0
790

200-ден астам күрделі ота жасады

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталінің әскери хирургтары 200-ден астам жедел ота жасады. Жартысынан көбісі ота жасаушылардың араласуынсыз өткізілетін күрделі қазіргі заманғы шағын инвазивті операциялар емделушілердің қалпына келу және сауығу үдерісін айтарлықтай тездетеді. Жаңа жоғары технологиялық әдіснамаларды қолдана отырып, күрделі операцияларды жүргізу әскери хирургтардың артып келе жатқан кәсібилігінің арқасында мүмкін болып отыр. Шет елдерінің ірі медициналық мекемелерімен ретке келтірілген ынтымақтастығының арқасында олардың Англия мен Германияда оқуға мүмкіндіктері бар, Ресей, Украина және Үндістан дәрігерлерімен бірлескен операцияларға қатысады. Ал содан кейін әскери госпитальде емдеудің заманауи әдістерін енгізеді, отан…

0
0
497

Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі

Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі Өткен демалыс күндері Орталық Жағалауда қала тұрғындары әсерлі оқиғаның куәгері болды. Бірте-бірте, баршаға мәлім болып жатқан жекпе-жектер – тарихи сесмсерлесу көрермен көзін жаулап алды. Айбынды серілер мен әсем ханымда, қызыққұмар адам топтары – осының бәрі замндас серілер турнирінің ажырамас бөлігі. Дәстүр бойынша, жарыс ұйымдастырушылары Қазақстан халықтарының ассамблеясы және Славяндық мәдени орталығы бұл жарысты осы жыы 5-ші рет өткізіп отыр. Бұл клуб көп жылдар бойы Славяндық мәдени орталықтың мүшесі болып, жастармен қарым-қатынас жұмыстарына және түрлі ұлттың бірігуіне үлесін қосып отыр. Өскемен, Петропавл, Алматы, Омбы және Павлодар қалаларының қатысушылары өз өнерлерін көрсетті. Бұл мереке қала тұрғындарын таңдандырып, өзі…

0
0
1155

Андре Уорд командасы Геннадий Головкинмен биыл күзде жекпе-жек ұйымдастырмақ

WBA (Super) нұсқасы бойынша екiншi орта салмақтағы әлем чемпионы Андре Уордтың командасы қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкинмен биыл күзде жекпе-жек ұйымдастыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Boxingnews24.com сайты ESPN сарапшысы, танымал тiлшi Дэн Рафаэльге сiлтеме жасап. Оның ақпаратына сәйкес, Уорд Головкинмен аралық салмақта кездесуге құлықты. Содан кейiн америкалық боксшы 175 фунтқа көтерiлiп, IBF/WBA/WBO чемпионы Сергей Ковалевпен шықпақ. «Бүгiн маған Уордтың командасы Головкинмен күзде шығуды жоспарлап отырғандықтарын айтты. Кейiн Ковалевке қарсы жекпе-жек жасамақ, бұл заңды да», — дедi Рафаэль ESPN-дегi өзiнiң чатында. - Уорд жартылай ауыр салмаққа өтiп, кейiн GGG-ға қайта түсуге мүдделi емес. Егер Головкинмен барлығы…

0
0
272