Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстан Австралиядан ұтылды
Дэвис Кубогы әлемдік тобының Австралия - Қазақстан 1/4 финалының матчы аяқталды, деп жазды Sports.kz.
Бірінші күні Михаил Кукушкин мен Олександр Недовесов Танаси Коккинакис пен Ник Киргиосты жеңді. Бірақ екіншісінде австралиялықтар Сэмюэл Грот пен Ллейтон Хьюитт қазақстандық Андрей Голубев пен Олександр Недовесовтен басым түсті.
Бүгін Австралия командасы Коккинакис пен Киргиостың орнына кортқа Грот пен Хьюитті шығарды. Қазақстандықтар бұған дайын болмады, алдымен Кукушкин Гроттан - 3:6, 6:7, 6:4, 6:7 есебімен, кейін Недовесов Хьюиттан — 6:7, 2:6, 3:6 есебімен жеңілді.
Осылайша Дэвис Кубогының жартылай финалына Австралия шықты.
Басты сөздер: Спорт

