Астанада «Болашақ» түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Астана қаласындағы «Astana Mall» сауда үйінде Bolashak Job Fair 2015 болып өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерін жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша іс-шараның ұйымдастырушылары Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады.

Жәрмеңке бағдарламасында – жұмыс берушілердің таныстырулары, тестілеулер, кәсіби сұхбат және networking – компаниялардың топ-менеджментін «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен бейресми таныстыру өтті.
Bolashak Job Fair жұмысы шеңберінде Networkingsession өткізілді, онда жәрмеңке қатысушыларымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Арын Орсариев кездесіп, өзінің жеке табысы тарихымен бөлісті.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізгі басымдылықтарын іске асырудағы өз үлестері жайында қатысушылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің төрағасы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Данияр Таумуратпен талқылады.
Жалпы алғанда, «Bolashak Job Fair 2015» кәсіптік жәрмеңкесі еңбек нарығының әлеуетімен танысып, өзінің кәсіби деңгейін бағалағысы келетіндер үшін мүмкіндік беретін бірегей интерактивтік алаң болып отыр. Жәрмеңкеге «Болашақ» бағдарламасының 500-ден аса түлегі мен мемлекеттік және жеке мекемелерден және халықыралықұйымдар мен ұлттық компаниялардан 50 жұмыс беруші қатысты.
Сонымен қатар, Биылғы жылы ҚР Президентінің «Болашақ» Халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқуларын 1 мың 556 азамат аяқтайды, олардың 23-і қарағандылық, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбюет Әбдібеков ҚР Президентінің «Болашақ Халықаралық білім беру бағдарламасы шәкіртақысының иегерлерімен кездесті. «1993 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы түлектердің лауазым бойынша ілгерілеуінің және өздерін-өздері дамытудың кепілі болып келеді»,-деді аймақ басшысы.
22 жылдың ішінде 33 шет мемлекеттің ең үздік деген 200 білім беру орнында Қазақстанның 11 мың 126 азаматы білім алған, олардың арасында 136 қарағандылық бар. Биылғы жылы оқуларын 1 мың 556 азамат аяқтайды, олардың 23-і қарағандылық. Осы уақытта Қарағанды облысынан «Болашақ» бағдарламасы бойынша 84 адам білім алуда. Осы бағдарлама бойынша білім алушылардың 40 пайызы, инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарды таңдаған, олар осы уақытта елімізде жұмыс істеуде. «Болашақ» түлектері кәсіпкерлер арасында да бар.
