
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алдын-алу жұмыстарын жүйелі түрде өткізу мақсатында, жемқорлық құқық бұзушылықтарға тағылатын жауапкершілік туралы кезекті рет хабар таратуда.
Бұдан былай жеке, заңды тұлғалар және мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері Департаментпен хат алмасу кезінде, ведомствомен арнайы әзірленген сыбайлас жемқорлық туралы баптар, сонымен қатар оларға қарастырылған жауапкершілік туралы ақпараты бар пошталық конверттер алатын болды.

