Аудан әкімдерінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшілерімен семинар-кеңес өткізілді
Ағымдағы жылғы 17 шілдеде облыстық мәслихат ғимаратында аудан әкімдерінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшілерімен семинар-кеңес өткізілді.

Аталған шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, облыс әкімі аппаратының өкілдері, сондай-ақ жер қатынастары, білім, қаржы басқармаларының, әділет департаментінің, қаржылық бақылау инспекциясының мамандары қатысты.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетінің этикалық құндылықтары, консультациялық-кеңес органдарының жұмысын ұйымдастыру, нормативті құқықтық актілерді тіркеудің өзекті мәселелері, мемлекеттік қызметтерді көрсету жайлы мәселелерді талқылады.
Семинарға қатысушылар өздерінің салаларына қатысты әзірленген баяндамаларын оқыды. Департаменттің тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Д.Қ. Тайшабай өз кезегінде еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың қолданылуы кезіндегі жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы баяндамасын оқумен қатар, жиынға қатысушылар жолдаған көкейкесті сауалдарға жауап берді.

Кездесу барысында мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
