Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі

Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі

Өткен демалыс күндері Орталық Жағалауда қала тұрғындары әсерлі оқиғаның куәгері болды. Бірте-бірте, баршаға мәлім болып жатқан жекпе-жектер – тарихи сесмсерлесу көрермен көзін жаулап алды.

Айбынды серілер мен әсем ханымда, қызыққұмар адам топтары – осының бәрі замндас серілер турнирінің ажырамас бөлігі. Дәстүр бойынша, жарыс ұйымдастырушылары Қазақстан халықтарының ассамблеясы және Славяндық мәдени орталығы бұл жарысты  осы жыы 5-ші рет өткізіп отыр. Бұл клуб көп жылдар бойы Славяндық мәдени орталықтың мүшесі болып, жастармен қарым-қатынас жұмыстарына және түрлі ұлттың бірігуіне үлесін қосып отыр.  Өскемен, Петропавл, Алматы, Омбы және Павлодар қалаларының қатысушылары өз өнерлерін көрсетті.

Бұл мереке қала тұрғындарын таңдандырып, өзінің өзгешелігімен орта ғасырға сүңгітіп, көз алдарынан ержүрек сарбаздардың жеңіс үшін шайқасын көрсетеді. Қызықты шайқастан басқа, тағы да айта кетерлік маңызды жайт, ол сарбаздардың киім – кешегі.

Европаның 16-шы ғасыры, Орданың 14-ші ғасыры, Монғол халықтарын бейнелеп, дулығасымен, қалқан-сауыттарымен, жалпы алғанда 35 келіні құрайтын жабдықтауымен алаңда бой көтерді.

Дәл осы ерекшеліктер тарихи семсерлесудің негізі болып табылады. Мерекенің осындай түрі, жаңа ағымдағы бұл спорт түрін насихаттау, сонымен қоса Қазақстандағы ең жүйрік, ең күшті жауынгер топтарын анықтау мақсатымен ұйымдастырылған.

 
0
0
1145

Осы тақырып бойынша

Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі - Yvision.kz