Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бақтияр Эюбов қарсыласын 27 секундта ұтты

Қазақстандық Бақтияр Эюбов кәсіпқой рингтегі 7-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол Мичиганда (АҚШ) өткен кездесудің 27 секундында 25 жастағы Райан Хогансты нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, бұл Бақтиярдың ең жылдам жеңісі емес. Ол 2012 жылы Жозе Брюйерді 9 секундта ұтқан еді.

Осыған дейін орта салмақта (72,5 келі) сынға түскен Б.Эюбов осы жолы жартылай орта салмаққа (66,6 келі) ауысуды шешкен. Жалпы Бақтияр кәсіпқой шаршы алаңда 7 жекпе-жек өткізген.

Енді қазақстандық кәіпқой боксшы оның карьерасын қолдайтын демеушілер іздестіруде.

 

0
0
228

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бақтияр Эюбов қарсыласын 27 секундта ұтты - Yvision.kz