«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде
«Хабар» телеарнасы «Ничего личного» атты барлық отбасыларына арналған телехикая түсіруде. Жанры мелодрамалық комедияның соңғы кадрларының түсірілімі аяқталуға жақын. «Хабар» арнасы күзгі маусымды аталмыш жаңа телехикаямен ашуды жоспарлап отыр. Телехикаяны «Хабар» арнасының тапсырысына сәйкес «Bernays» компаниясы түсіруде. Он төрт сериядан құралған мелодрамалық комедияда танымал актриса Бибігүл Ақтан, әнші Шер Әлі, Жәния Джуринская, Луина, Данияр Әлшінов секілді өнер өкілдері ойнайды. Басты рөлді сомдайтын Бибігүл Ақтан 1991 жылы Қазақстанда өмірге келген. Алайда, ол 1 жасқа толмай тұрып, отбасы Ресейге қоныс аударуына байланысты Бибігүл Мәскеуде бойжеткен. Аталмыш телехикаядағы рөл – Бибігүлдің алғашқы образы емес. Бибігүл бұған дейін «Громовы», «Громовы. Дом надежды», «Сага о хантах», «Т…
