Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«KAZsport» телеарнасы «Алашкерт» – «Қайрат» ойынын тікелей эфирде көрсетеді

23 шілдеде Ереванда Еуропа Лигасы аясындағы «Алашкерт» - «Қайрат» арасындағы қарымта ойын өтеді.

Алматыда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» командасы «Алашкертті» 3:0 есебімен жеңген еді.

Осылайша егер 23 шілдеде «Қайрат» армениялық «Алашкерт» клубын айналып өтсе, онда УЕФА Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Риека» мен шотландиялық «Абердин» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, «Алашкерт» пен «Қайрат» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде 23 шілде күні сағат 20:50-де көре аласыздар.

 

0
0
189

Осы тақырып бойынша