Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Квазимемлекеттік сектордағы құқықтық оқыту

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басты міндеттерінің бірі квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау болып табылады. Осы бағытта 2015 жылдың 21 шілдесі күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің БҚО бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК БҚО филиалымен бірлесіп, «Ұлт жоспары – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басты мақсаттары мен міндеттерін және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев қатысып, тақырып бойынша түсінік берді.

Сонымен қатар, қатысушыларға видеороликтер көрсетіліп, сауалнама толтырылды.

 
0
0
451

Осы тақырып бойынша

Квазимемлекеттік сектордағы құқықтық оқыту - Yvision.kz