«Жемқорлықтан сақ болындар»
А.ж. 16 шілдесінде Ақмола облысының Есіл ауданындағы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафонының аясында Есіл ауданы Московский селосының клубында «Абайлаңыз - жемқорлық!» тақырыбында плакаттар мен коллаждар сайысы өтті.
Сайыстың басты мақсаты: мемлекеттіліктің негізін және адамның басты құндылық қасиетін жоюға әсер ететін басты зұлым - жемқорлықтан алшақ болу идеясын мектеп оқушыларына жеткізу.
Московский селосындағы клубтың қабырғасына сайысқа тапсырылған плакаттар мен коллаждар ілінді. Сайыстың басты қатысушылары Московский орта мектебінің 9-бен 15 жас аралығындағы оқушылары болды.
Сайыстың соңына қарай үздік жұмыс иегерлері мадақтау қағаздарымен марапатталды.
