С. Ахметов: «100 қадамның» жүзеге асуы ҚР-ның әр түрлі саласына серпін береді
«100 қадамның» жүзеге асуы ҚР-ның әр түрлі саласына серпін береді, ол экономика және мемлекеттік даму аппараты, заң әділдігіне, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов.
«Қоғам 5 институционалды реформны жақсы қарсы алды, сондай-ақ, ол Елбасы ұсынған «100 нақты қадамды» да позитивті түрде қарсы алып, оларды жүзеге асыруға белсенді болмақ. Бүгінде біздің басты мақсатымыз – «100 қадаммен» жұмыс істеуге қоғам мен сарапшыларды тарту болып есептеледі. Бүгін біз байқағандай, жұмыс топтары нәтиже көрсетуде. Күз кезінде Елбасы атағандай 100 заңға өзгертулер енгізуд қараймыз. Олар экономика, кәсіби аппараттың пайда болуына серпін береді деген ойдамын», - деді ол.
Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы «100 нақты қадамды» жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуда.
«Біз бұл әрекетпен үлкен үмітті жалғастырамыз. Бұл стратегияны жүзеге асыруға «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Парламент Мәжілісі белсенді араласуда. Бұл бағыттың бірнеше шаралары мен бағыттарын қарастырып көрдік. Жасалып жатқан жұмыстар нәтиже береді деген үміттеміз», - деді ол.
Сонымен қатар, сұхбатта С.Ахметов жемқорлық мәселесін де қозғап өтті. Оның сөзінше, бүгінгі таңда қоғам мен құзырлы орган өкілдері жемқорлықтың салдарымен күресуде, сондықтан болашақта бұл әрекеттердің қалай жалғасын табатынын білу керек.
«2015-2025 жылдарға бағытталған ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясының атының өзі құжаттың болашаққа бағытталғандығын меңзеп тұр. Осыған байланысты біздіңше, тап осы жемқорлыққа қарсы тәжірибе мен жастардың бойында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды мектеп қабырғасынан, колледждер мен жоғары оқу орындарынан бастауымыз керек. Өйткені, алдағы уақытта білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнеркәсіп және өзге де салаларда жұмыс істейтін жастар, жұмысқа кіріскен кезде-ақ бұл стратегиямен таныс болуы керек. Олар халыққа жемқорлықпен күресте қажет болатын тәжірибені алып жүрулері керек, мұндай көрініске төзбеушілік олар қызметке кіріскен сәттен бастап, олардың бойларында болуылары қажет»,-деді С.Ахметов.
«Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша бізге бір қадам алдыда жүру керек, сол себепті де бүгін біз жоғары оқу орындары мен колледждердің, білім беру және жастар саясаты, ішкі саясат басқармаларының өкілдерін шақырып отырмыз. Біз ортақ істе күш біріктіруіміз керек. Барлығымыз бірдей жұмыла отырып, Астана қаласында жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары үйлестірілген түрде, жүйелі жүргізілсе дейміз. Қазір біздің басты мақсатымыз құзырлы және мемлекеттік органдардың күштерін үйлестіру болып табылады, соңында біз ортақ істен тиісті нәтиже алуымыз керек, біз қоғам өкілдерінің бойларынан олардың жемқорлыққа төзбеушілік қасиеттерін көруге тиістіміз»,-деді ол.
