Қазпошта мекен-жай мәліметтерінің ашық API ұсынады
«Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының қолданыстағы мекен-жай мәліметтерінің пайдалану мүмкіндігін, сонымен қатар ашық API арқылы «Қазпошта» енгізген жаңа пошта индекстерінің мәліметтері базасын ұсынатындығын жариялайды.
«Индекстеудің жаңа жүйесін пайдалану Қазақстан Республикасының барлық мекенжайлық мәліметтерін стандарттауға мүмкіндік береді. Осылайша, ашық мекенжайлық мәліметтер API барлық қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғаларға, жедел қызметтерге, почта индекстерін қоса алғанда, мекенжайлық мәліметтер базасын қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттарды онлайн режимінде қолдануға немесе барынша толық көлемде көшіріп те алуға болады. Жаңа пошталық индекстерді қоса алғанда, Алматы қаласы бойынша жеке өзінің базасының 40 пайызын белсендендіріп алған «2gis.kz» порталы бізбен ынтымақтастықты жұмыс істеуде»,-деп хабарлайды «Қазпошта» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің хатшысы Байрам Азизов.
Естеріңізге сала кетейік, аталған қызмет жаңа пошталық индекс бойынша префиксті жазып алып, түрлі дәпежелерге бөледі және бұл ретте іздестіру жүйесін іске қосуға болады. Іздестіру жүйесінде облыс, немесе өңір, тек қана қала, белгілі бір аудан немесе аудан болады.
Болашақта осы тізімге жаңартылған мекен-жайлар бойынша ақпараттар алуға болатын қызмет түрі қосылады.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазпочта» АҚ интернет-дүкендерге арналған API модуль шығарған еді. «Қазпочта» АҚ интернет-дүкендер пошта тарифтерін онлайн режимде үздіксіз қабылдай алатын модуль шығарды. «Қазақстанда, онлайн-дүкендерден келетін сәлемдемелердің белсенді өсуі байқалуда. Бұл үдерістің тікелей қатысушысы ретінде, біз API модульді шығардық. Оның көмегімен интернет-дүкендердің клиенттері тауардың үйге, бөлімшеге немесе постаматқа дейінгі жеткізу әдісін таңдап, бағасын есептей алады.
Интернет-дүкеннен тауарды сатып алу кезінде, клиент керекті мекенжайын жазған соң модуль автоматты түрде әр түрлі жеткізу әдістері мен тарифтерін көрсетеді» - деп «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов түсіндірді.
Интернет-дүкендердің API модульге қосылуымен, жаңартылған тарифтерді қадағалаудың қажеті жоқ, модуль автоматты түрде жаңартылып, қызметтердің бағасы және түрлері бойынша соңғы деректермен толықтырылып тұрады. Модульге қосылу үшін интернет-дүкендер rates.kazpost.kz сайтына кіріп нұсқаулар бойынша қажетті қызметтерді таңдауы керек.
