Мазмұнға өту

Жаңа

2015 жылдың 7 айындағы әкімшілік практика субъектілерінің жұмысы туралы баспасөз ақпараты

2015 жылдың 7 айында жаңа Әкімшілік кодексін қолдану аясында  2 465 024 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 62,2 пайыз артық.

Сондай-ақ,  ұсақ құқықбұзушылықтарды анықтау да артты, ол  өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда (729 468)  64,2 пайыз  өсіп,1 198 219-ды құрады.

http://pravstat.prokuror.kz/kaz/baspasoz/akparaty/2015-zhyldyn-7-ayyndagy-kimshilik-praktika-subektilerinin-zhumysy-turaly-baspasoz

0
0
240

Жүрдек пойыз кетті...

Жылда тамыз айында орын алатын маңызды мәселелердің бірі – билет. Ойлап қалмаңыз, концертке яки керемет шоуға керекті билет деп. Бұл алыс - жақын жерлерге жүрдек пойызбен қатынауға қатысты болып отыр. Тамыз айы сондай бір келімді-кетімді адамдар ағылатын мезгіл. Шет ел асып демалуға кететіндерден бөлек, өp еліміздің ішінде бір қаладан екінші қалаға билет табу даулы мәселе болып отыр. Халық лайықты демалысын алып, қыдырып, қайтуға келгенде билет таба алмай сандалады. Сол секілді, жүктерін арқалап, жаңа оқу жылына асығатын студенттердің билет табуының өзі жыр. Менің түсінігім бойынша, жол жүру билетінің мәселесі тамызда өршіп тұрады. Таныс-тамырды ортаға салып тапқан күннің өзінде де жетсем болды деген бір орынға тап боласың. Осындай кезде екі-үш вагон дайындап қойып, керек – ау деген кезде…

0
0
1255

Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында браконьерлер қарақұйрық пен киіктерді заңсыз аулады

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе өткізген рейд барысында Оңтүстік-Қазақстан облысы Арыс ауданының аумағында мотоцикл мінген 34 жасар азаматты тоқтатты.
Көлікті тексерген кезде қарақұйрықтың еті мен 12 калибрлі мылтық табылып, тәркіленді.
Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.
Сондай-ақ, «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының аумағында мотоцикл басқарған браконьерден киіктің 5 өлексесін анықтап, тәркіледі.
Ұсталу орнына Қаражал қ. ІІБ-нің жедел тобы шақыртылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

0
0
3149

«Қазспорт» телеарнасы дзюдодан Әлем чемпионатын көрсетеді

«Қазспорт» телеарнасы («Қазақстан» республикалық телерадикорпорациясының құрамына кіреді) 24-30 тамыз аралығында өтетін дзюдодан Әлем чемпионатын тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК Баспасөз қызметі хабарлайды. «Дзюдо Федерациясы» РАА мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында алғаш рет Қазақстанда өткелі отырған дзюдодан Әлем чемпионатын трансляциялаудаң эксклюзивті құқығын беру жайлы келісімге қол жеткізіліп, тиісті Шартқа қол қойылды», - деп хабарлады «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы Асқат Сағынаев. Аталмыш шара 24-30 тамыз аралығында «Алау» мұз айдынында өтеді. «Қазспорт» телеарнасы чемпионаттың іріктеу және ақтық кездесулерін тікелей эфирден көрсетеді. Таңертеңгі кездесулер сағат 11.00-де, кешкі кездесулер сағат 17.00-де басталады. «Қазспорт» телеарнасының редакторлар…

0
0
359

Жүрегім сізге аманат

Қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді.

Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге кетеді. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі.

Жалғасын оқу.

Дүйсенбі-жұма күндері 22.40-та "Қазақстан" телеарнасынан көріңіздер.

0
1
988

Әйел бақыты деген не?

Сынаққа құрылған мына өмірде тағдырымызды тоз-топалаңға ұшыратып алмас үшін қарекет жасауға талпынамыз. Бақыттың түпкі тінін әркім шама-шарқынша шамалайды. Ес білгенімізден әжемізге, анамызға, әпке-сіңлілерімізге, құрбыларымызға әйел бақытын тілеген ақжарылқап ізгі ниеттерді естіп жатамыз. Шын мәнінде әйел бақыты деген не? Әйел бақыты – қосағыңмен бірге ағарып, ана деген аяулы сезімді өне бойыңнан сезіну. Заман ағымы жеке тұлға ретінде өзіңді қалыптастыруға ат салыса отырып, сүйікті ісімен де шұғылдануды талап етеді. «Әйел бақыты» бағдарламасы екі жыл бойы әр адамның тағдырына бей-жай қарамауды насихаттап келеді. Жаңа маусымда көрерменді елең еткізетін әсерлі оқиғалар, көңілге қонымды тұщымды жауаптар, кәдеге жарататын пайдалы кеңестер орын алады деп күтілуде. Ерекшелігі – деректі драмала…

2
0
3253

Геннадий Головкин кіші Мейвезердің ТОП-5 қарсыластар тізіміне енді

12 қыркүйекте «MGM Grand» аренасында америкалық кіші Флойд Мейвезер (48-0, 26 KO) мен Андре Берто (30-3, 23 КО) кездеседі. Кіші Мейвезер үшін бұл карьерасындағы соңғы жекпе-жек болмақ. BoxingPlanet.ru сайтының хабарлауынша кіші Флойд Мейвезердің соңғы кездесуі қызықты өтуі үшін ТОП-5 қарсыласының тізімін ұсынды. 1-орын - Амир Хан (31-3, 19 КО); 2-орын - Кит Турман (26-0, 22 КО); 3-орын - Шон Портер (26-1-1, 16 КО); 4-орын - Геннадий Головкин (33-0, 30 КО); 5-орын - Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 KO), Г.Головкин мен кіші Мейвезер арасындағы жекпе-жек туралы жанкүйерлер және боксшылар арасында біраз талқыға түскен еді. Кіші Мейвезер жекпе-жектің өтпеуіне екеуі екі түрлі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатындығын айтқан. Айта кетейік, Геннадий Головкин кіші Флойдпен жекпе-жек өткізу үшін салмағын түсі…

0
0
198

Зарина Диас WTA рейтингінде 1 саты жоғары көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде Заринадан бөлек Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова да жоғарылады.

Зарина Диас 1385 ұпаймен 34-орыннан 33-сатыға, Юлия Путинцева 752-ұпаймен 78-орыннан 77-орынға көтерілсе, Ярослава Шведова 568 ұпай жинап, 108-орыннан 106-сатыға орнықты.

Ерлер арасындағы рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин 54-орнын сақтап қалды. Александр Недовесов 96-орыннан 95-орынға көтерілсе, Андрей Голубев 2 саты жоғарылап, 160-сатыға жайғасты. Дмитрий Попко 315-орынға көтерілді.

0
0
164

«Жұбайлар бар әңгімесі таусылған...»

Күйеуіне көңілі толмайтын келіншек бүгін 15:00-де сырымен бөліспек. Саққұлақ бидің «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», деген аталы сөзі бар. Осы қасиеттерді бағалай білгендер ғана үлгілі отбасы бола алады. Талай жыл өтсе де, бір-біріне деген сыйластығы үзілмеген жандар бар. Керісінше, жылдар бойы қол ұстасып, өмірдің ыстық-суығына бірге төзіп келсе де, бір-бірінен суынып кеткен отбасылар да жоқ емес. «Әйел бақытының» бүгінгі кейіпкері - күйеуіне көңілі толмайтын, «назарынан тыс қалған» келіншек. Талай уақыт жарасып келген жұпты ажырасудан аман алып қалудың жолдары сарапшылар кеңесінде. Бүгін 15:00-де Ұлттық арн…

0
0
723

Нұржан Қарымсақов: Тарихи туындыны үлкендердің батасымен салу керек

Танымал суретші, ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Қарымсақов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Нұржан Қарымсақовтың сурет өнеріндегі бағыты – тарихи жанр. Бұл бағытты таңдаудағы себебіне тоқталған суретші: «Әкем – филолог еді. Бала кезімнен маған қазақтың батырлары, ақындары, жыраулары туралы жиі айтып отыратын. Өзінің де сурет салу жағынан өнері болатын. Ауылда көркемсурет мектебінің директоры болды. Сол әсер еткен болар»,-дейді. «Үлкен туындылар бірден шыға қоймайды. Оған бірнеше жыл қатарынан ізденіп, еңбектену керек. Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғараұлы, танымал археолог Зейнолла Салмашев, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы сынды еліміздің үлкен тарихшылары, филологтарынан кеңес алып тұрамын. Тарихи туындыны осындай жандардың батасымен салу керек»,-дейді суретші. Сұх баттың толық нұсқ…

0
0
1397