Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Зарина Диас WTA рейтингінде 1 саты жоғары көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде Заринадан бөлек Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова да жоғарылады.

Зарина Диас 1385 ұпаймен 34-орыннан 33-сатыға, Юлия Путинцева 752-ұпаймен 78-орыннан 77-орынға көтерілсе, Ярослава Шведова 568 ұпай жинап, 108-орыннан 106-сатыға орнықты.

Ерлер арасындағы рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин 54-орнын сақтап қалды. Александр Недовесов 96-орыннан 95-орынға көтерілсе, Андрей Голубев 2 саты жоғарылап, 160-сатыға жайғасты. Дмитрий Попко 315-орынға көтерілді.

 
0
0
158

Осы тақырып бойынша